Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғамЦифрлы Қазақстан

Әлеуметтік саласындағы көрсетілетін мемлекетті қызметтер туралы ақпарат

«Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — Бөлім) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын және осы салада жергілікті атқарушы органы  болып табылады.

Бөлім өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс, аудан әкімдігінің қаулыларына және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрықтары мен нұсқауларына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша 14 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі, бұл қызметтердің басты мақсаты халықтың әлжуаз тобына жататын азаматтарға әлеуметтік қорғау саласында қызмет көрсету. Мемлекеттік қызметтер  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығымен бекітілген Стандартына сәйкес  айқындалады. Барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен қағидалары қағаз түрінде және  QR-код пен жасалынып, бөлімде қабырғаға ілінген. Сондай-ақ 10 мемлекеттік қызметтер түрі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарация» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша бөлім арқылы жылдың басынан 2006 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді.

Бөлімде көрсетілетін 14 мемлекеттік қызметтен 7-і мүмкіндігі шектеулі жандарға  көмек көрсетуге арналған. Ауданда мүгедектер саны 4 864 адам, немесе халық санының 2,2 пайызын құрайды, оның ішінде 1 және 2 –ші топ мүгедегі 2 123 адам, 3-ші топ мүгедегі 1 812 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны -929.  Нормативтік құқықтық акті белгілейтін функциялар 13 сәуір 2005 жылдың «Әлеуметтік мүгедектерді қорғау» № 39  Заңына  сәйкес жүргізіледі. Көмекші құралдар мен қамтамасыз ету арызы  және Медициналық әлеуметтік сараптамалық бөлімі (МӘС) арқылы берілген жеке оңалту бағдарламасы  негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар,  іс әрекетке қабілетсіз, қабілеті шектеулі,  кәмілет жасына толмаған  тұлғаларға  қамқоршысын және  қорғаншысын тағайындау бойынша    бөлім мамандары тікелей қызмет алушымен байланыссыз қарым-қатынас орнатпай «Е-собес» ақпараттық жүйесі арқылы электронды қызметтерді  көрсетеді.  Сараптау комиссиясының шешіміне сәйкес (ИПР) 2020 жылы 3000-жуық  азаматтан өтініш қабылданып қызмет көрсетілді. Жылдың баснынан  мүгедек адамдардың әлеуметтену деңгейін арттыру мақсатында 2731 техникалық көмекші құралдармен (протездік-ортопедиялық көмек, сурдо-тифлоқұралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен,  санаторий-курорттық емдеу, міндетті гигиеналық құралдармен) немесе 91%, соның ішінде  291 адам жеке көмекші мен 60 ымдау тілі мамандарының қызметімен қамтамасыз етілді.

Бөлімнің құрамында мүмкіндігі шектеулі балалар және жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйден әлеуметтік кызмет көрсететін бөлімшелер жұмыс атқарады,  жылдың басынан жалғыз басты карттарға және мүгедектерге үйден әлеуметтік көмек көрсету – 228 адамға, мүмкіндігі шектеулі балаларды үйден әлеуметтік көмек көрсету —  167 мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсетілді.

Қалған 7 мемлекеттік қызмет түрі  тұрмыс жағдайы кедейшілік шегінен төмен тұратын халықтың әл жуаз топтарына көрсетілді.    Атап айтқанда: тұрғын үй көмегін тағайындау (260 отбасы жүгінді), жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау: (Мерекелік және естелік күндерге, Ауған соғысының ардагерлеріне бөлінген біржолғы әлеуметтік көмек 226 адамға, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне  материалдық –  тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту  үшін төлентін коммуналдық көмек  — 7  адамға; Чернобыль Атомдық Электро-станциядағы апатын жойыу салдарынан зардап шеккендерге -60 адамға, ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша 4747 азамат) мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді. Сонымен қатар  Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, куәлік беру (108 адамға куәлік берілді) қызметі көрсетілді.

Мемлекет басшысының нұсқауына сәйкес цифрлық мемлекетке көшу бойынша бір қатар жұмыстар жүргізуде, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді электрондық нұсқада көрсету сапасын жақсарту бағытындағы ауданда іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарды орындау мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» (ХҚКО) коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен бөлімі қызметкерлері арасында  дөңгелек үстел өтті.

Өткізілген шарада жүгінген халықтың цифрлық  сауаттылығын арттыру мақсатында тұрақты түрде мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері түсіндіріліп, электрондық цифрлік қолтаңбаны «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» (ХҚКО) арқылы берілетіндігін түсіндіру жұмыстары жүргізілуі қажет екені туралы айтылды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын, қолжетімділігін арттыру және Электронды Үкімет Порталының (egov.kz) тиімділігін насихаттау мақсатында «Электронды қызмет көрсету бұрышы» ашылды. Аталған бұрыш техникалық құралдармен қамтамасыз етілген, баннер орналастырылған, барлық қызметтер бойынша брошюралар бар. «Электронды қызмет көрсету бұрышы» арқылы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша насихаттау жұмыстары ұйымдастырылып жатыр.

Сонымен қатар бекітілген жоспар бойынша  бөлім басшысы Ж.Айтенова әлеуметтік желілер арқылы аудан жүртшылығына тікелей эфир қабылдау өткізіп, тұрғындар сұрағына жауаптар беруде. Қосымша «QYZMET LIVE» «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» жобасы аясында тікелей эфир өткізілді, ауданның қоғамдық кеңес алдынында есеп берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің №772 Жарлығынын іске асыру мақсатында ауылдық елді мекендерде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «кедергісіз орта» құру, оның ішінде осы мәселенің шешілуіне қоғамдық бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылдау керек екендігі туралы әр ауылдық округтарда жұмыстар атқарылуда.

Ауданда     171 нысан бойынша паспорттау және бейімдеу жұмыстары жүргізіліп, мәліметтер «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» www. Inva.gov.kz порталына енгізілді, оның ішінде: мемлекеттік басқару-47, денсаулық сактау-19, білім беру-66, мәдениет -7, дене шынықтыру және спорт-2,  басқа нысандар- 30.

 

 

Іле ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары

Ж.Сатыбалдинова

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button