МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢАРҚАУЫ –ЕЛОРДА

0
142

Чапаев ауылдық кітапханасының коворкинг орталығында №45 орта мектептің 4-5 сынып оқушыларының қатысуымен Нұр-Сұлтан күні мерекесіне орай «Мәңгілік елдің арқауы – Елорда» атты сырттай веб-шолу және Қараой ауылдық кітапханасында «Ән қала, жыр қала, гүл қала, Елімнің бесігі бұл» атты ән кеші өткізілді. Сонымен қатар Жетіген ауылдық кітапханасында да осы мақсатта Қазақстан халқының жетістіктерін бейнелейтін тарихи-мәдени маңызы зор мемлекеттік мейрам екенін, сондай-ақ жылдан жылға біздің еліміз даму барысындағы үлкен жетістіктері туралы ақпарат беру мақсатында «Астана мерекесі – жалпы ұлттық мереке!» атты танымдық сағат өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандарды әсем қаламызбен таныстыру, Елорда туралы білімдерін толықтыру, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, туған жерін сүйе білуге тәрбиелеу мақсаты көзделді. Оқырмандар назарына www.astana.kz сайтын пайдалана отырып еліміздің жүрегі – Нұр-Сұлтан туралы слайд пен бейне сюжеттер көрсетіліп, сырттай саяхат жасалды. Елорданың жыл сайын қарыштап дамып келе жатқандығы, қаланың көрікті жерлері мен ғимараттары таныстырылды. Сырттай саяхат арқылы оқырмандар сан түрлі арман, қиялдарды жүзеге асырып, сан қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем қала қайсымыздың болсын көкірегімізде арайлы рухты оятатын қала екендігіне көз жеткізді. Шарада «Еңсесі биік – Нұр-Сұлтан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Шара барысында оқырмандарға «Әсем қала – Нұр-Сұлтан» атты кітап көрмесі таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды. Кеште Қараой округі әкімшілігінің бас маманы В.Темірбекова өзінің құттықтау сөзімен ашып, Елордамыздың айшықтары жайында сөз етіліп, Дилназ Әбдіманап, Каусар Есбай, Балауса Бексырға, Нұржан Бағдат сынды әнші балалар ән шырқаса, Биназия Ғибрат мен Айкерім Бағдат жыр шумақтарын оқыды. Кешке оқушылар қатысып, атсалысты. Ерке Есілдің жағасында болашақ мыңжылдықтарға батыл қадам басқан жаңа Астананың бой көтергеніне уақыт шешімімен алғанда аз уақыт өтсе де, жас қала күннен күнге құлпырып, қанатын кең жайып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуекелшіл бастамасымен өмірге келген тәуелсіз еліміздің бас қаласы Астана Нұр-Сұлтан бүгінде төрткүл дүниеге танымал әлем астаналарының қатарынан ойып орын алды. Тәуелсіз еліміздің тірегі мен жүрегіне айналған. Астана қаласы дүниежүзіне өзінің қайталанбас архитектуралық құрылыстарымен таңданыс тудырған мемлекетіміздің бас қаласы. Бүгіндері Елордамыз көркімен де, келбетімен де әлемнің атақты балаларымен терезесін теңестіріп тұр. Астана — ғажайып құрылыс алаңы. Әлемдік сәулет өнерінің қайталанбас үлгілері саналатын алып шаһар. Сарыарқаның төсінде, ерке Есілдің жағасында орналасқан әсем шаһар келешектің қаласы жайында айта берсе таусылмасы анық. Сонымен қатар кеште Астана қаласының кешегісі мен бүгіні туралы ақпарат беріп, Елорда даму жолын бейнелейтін «Елорда-Мәңгілік елдің арқауы» атты видеослайд, Елордамыздың көрікті жерлеріне арналған фото альбом оқушылар назарына ұсынылды.

 

М. ЖАБИЕВА, Іле ауданының құрметті азаматы, зейнеткер