Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚазақстан жаңалықтарыҚоғам

«Экологиялық тәрбие» ашық шеберлік сағаты өткізілді

⚜️Ағымдағы жылдың 26 сәуір күні ауданның барлық орта білім беру мекемелерінде, Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында «Экологиялық тәрбие» ашық шеберлік сағаты өткізілді.
🔰Мақсаты: Оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке баулу, оны қорғауға, аялауға тәрбиелеу, ағаш отырғызу туралы түсінік беру. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы туралы түсінік беру.

♻️Шеберлік сабақта оқушыларға ағаш тұқымдарын отырғызу маңыздылығы мен оларды күтіп, баптау бойынша кеңес, нұсқаулықтар беріліп, оны практика жүзінде көрсетілді.
Еліміздің болашағы үшін аса зор маңыздылығы бар іс-шараға оқушы, ұстаздармен бірге аудан әкімінің орынбасары Айдын Әуесбайұлы, білім бөлімінің басшымының м.а. Әлішер Ғалымұлы, ауыл, кент әкімдері, мамандары, ауылдың белсенділері мен қоғам қайраткерлері де ат салысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button