Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғамРухани Жаңғыру

ТУҒАН ТІЛІМ –ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ

Алматы облысы әкімдігінің «Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы облысының 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 24.02.2017 жылғы №80 қаулысын жүзеге асыру бойынша және Іле ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 01.07.2019 жылғы №119 хатына сәйкес, «Тіл  тазалығын сақтайық!» атты акциясы бойынша округ әкімі жанынан жұмысшы топ құрылып, округ әкімімен бекітіліп, елді мекендердегі халыққа қызмет көрсету нысандары мен қоғамдық көлік-тердегі деректемелер мен көрнекі ақпараттарда тіл нормаларының Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» және «Жарнама» туралы заңдарының талаптарына сәйкес рәсімделуін, олардың сауатты жазылуын қамтамасыз етілді. Акция аясында Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңының 21-бабы талаптарын халыққа түсіндірілді, деректемелер мен көрнекі ақпарат құралдарының тіл нормаларына сәйкес рәсімделуін анықтау мақ-сатында жергілікті атқарушы органдар, Іле аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар, жастар ұйымдары бірлескен рейдтік зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Акция барысында дүкен иелеріне дүкендердегі тауарлық жапсырмаларында, таңбаламаларында, нұсқаулықтарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде қажетті ақпарат болу жөнінде және  көрнекі ақпараттың барлық мәтіні рет-ретімен мемлекеттік тілде – сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде оң жағына немесе төменгі жағына орналасатыны, бірдей өлшемдегі әріптермен жазылатыны жайлы  түсіндірілді.

Рейдтік жұмыс барысында  округтегі 8 дүкенге зерделеу, әдістеме жұмыстары жүргізіліп, ескі және қате жазылғаны үшін 2 дүкен басшысына ескерту қағаздары берілді.

Округте орналасқан мекемелердің маңдайша тақталарындағы жазулары, көрнекі құралдары «Қазақстан Республикасының тіл туралы» ҚР Заңының 21-бабына сәйкес жасалынып, маңдайша жазулары  2 тілде ілінген.

«Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізілген тексеріс мәліметі бойынша округ аумағында орналасқан билбордтар көрнекі құралдары заңға сәйкес келеді.

Байсерке ауылдық округінің сауда-саттық орындарында тіл тазалығы айлығы бойынша жұмысшы топ құрылып, түсіндірме, ескерту жұмыстары жүргізілді.

 

А. ҚАЖИЕВ,

Байсерке ауылдық

округ әкімінің орынбасары

Басқа жаңалықтар

Back to top button