«Қорғау» жобасы өз жұмысын бастады

0
74

Қазақстанда «Қорғау» жобасы басталды. Жоба -азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін қолжетімді және тегін инфрақұрылым құруға бағытталған, сондай-ақ 200-ден астам өзекті бағыттар бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау алгоритмдері бар арнайы сайт пен мобильді қосымшаны әзірлеуді болжайды.

Жобаның негізгі мақсаты-қиын өмірлік жағдайда жүрген халықтың құқықтық білім деңгейін арттыру.

Жобаны іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап Алматы облысының барлық қалалары мен аудан орталықтарында 20 заң консультациясы бөлімдері қызмет атқаратын болады, онда барлық азаматтар құқықтарын қорғау бойынша тегін құқықтық қолдау ала алады.

Сонымен қатар, жобада заң факультетінің студенттеріне тәжірибелік тағылымдамалар ұйымдастыру, әлеуметтік заңгерлердің қауымдастығын құру, «Сөйле!» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ, отбасы мен некенің оң бейнесін қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады.

«Қорғау» жобасы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, бірыңғай Call-орталық құру арқылы «Құқық қорғаушы» кешенді жобасын іске асыру гранты шеңберінде іске асырылуда.