МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ АЛҒА БАСПАҚ…

0
103

Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  «Сындарлы қоғамдық диолог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты  алғашқы жолдауын жолдады.  Жолдауда басты мәселелердің бірі болған  Мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырғандығы жөнінде айтылды. Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе деп атап өтті.

Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ.

Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды.

Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде.  Келесі жылдан бастап үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтілуі тиіс, — деді. Президент өз жолдауында Халқымызды толғандыратын барлық мәселелер бізге белгілі, Осыған орай, ахуалды жақсарту үшін іс-қимыл жоспары әзірленіп жатыр, деп атай отырып, өзін ел тағдырына жаны ашитын азаматтарға зор сенім артатындығын да баса айтты.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтпақшы  «Береке мен бірлік, ақыл мен парасат халқымызды үнемі алға бастап келеді. Бағытымыз – айқын, жолымыз – ашық. Бәріміз бірге болсақ, еліміз бұдан да зор табысқа жетеді деп сенемін!» деген президентке халқы да сенеді дегім келеді.

 

Қарлығаш БҰДҰҒҰЛОВА,

Іле аудандық кітапханасы

басшысының міндетін атқарушы