Аудан жаңалықтарыҚоғам

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ — ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ

Іле ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде 2019 жылдың 5 тамыз бен 5 қыркүйек кезеңінде «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде» атты айлық өткізілді. Айлыққа толық жеке құрамның, барлық ұлт өкілдері мен олардың отбасы мүшелері қатысты. Айлық барысында көпұлтты елімізде тату-тәтті түрып жатқан ұлттардың мызғымас достығы мен бірлігін насихаттайтын түрлі концерттік іс-шаралар, конкурстар мен мемлекеттік тілде сөйлейтін этностардың белгілі отбасылары тартыла отырып, кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізілді.

Айлық барысында үздік өнер көрсеткен, жақсы атсалысқан әскери қызметшілер мен қызметкерлер марапатталды.

 

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн.

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,

Татулығын жырға қосам ұлттардың

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

 

Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

Ұлы достың мәпелеген жүрек гүл,

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Деп ақын жырлағандай Ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің көк байрағы желбірей берсін, гүлдене берсін! .

Рухы мықты елдің-келешегі кемел атты тақырыптағы өлең оқып Іле ауданының қызметкері Яппарова Амина Миназитовна мақтау қағазымен мараппаталды.

 

Б. САДЫҚОВА, Іле ауданының

Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі ҚР ҚК қызметкер

 

С. МЕДЕУБАЕВ, Іле ауданының

Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор

Басқа жаңалықтар

Back to top button