МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ НАЗАРЫНДА

0
52

Өтеген батыр ауылы аудандық филиалының мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы Саяси Кеңесі Бюросының кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа С.Закиржанов — «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Н.Құматаев – Іле ауданы әкімінің міндетін атқарушы, Саяси кеңес Бюросының мүшелері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, БПҰ төрағалары, бөлім басшылары, БАҚ өкілдері, барлығы 38 адам қатысты. Күн тәртібі: 1.Жергілікті жерлерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселесі 2.«Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы «Боралдай», «Чапаев» БПҰ төрағаларының есебі 3.«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» орындалуы барысы туралы жұмыспен қамту орталығының басшысының есебі 4.БПҰ-да партиялық мүшелік жарналарды жинау жоспарын орындау, партия мүшелерінің санын есептеу –салыстыру (сверка) жағдайы туралы мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Іле ауданы әкімінің міндетін атқарушы Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы баяндама жасады. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының 2015-2025 жж. арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар жайлы «Боралдай» БПҰ төрағасы Д. Қоңырбаев, «Чапаев» БПҰ төрағасы Қ.Рахимов есеп беріп, округтерде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Күн тәртібіндегі 3-ші мәселе — Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы барысы туралы аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы А.Рахимбаев есеп берді. Ол өз сөзінде бағдарламаның 3 бағыты жайлы түсініктеме берді және сұрақтарға жауап бере отырып, өтініш білдірген азаматтардың 1958-і жұмысқа орналастырылғаны жайлы, ал бизнес ашқанға қайтарымсыз грантты ұтып алған азаматтарды қадағалайтыны жайлы тоқталды. Күн тәртібіндегі 4-ші мәселе бойынша аудандық партия филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі С.Галимова хабарлама жасады. Жарыссөз барысында Саяси кеңес Бюросының мүшесі Р. Қыстаубаев сөз сөйлеп, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша базада жер қатынастары бөлімі, сәулет және қалақұрылысы бөлімдері бойынша азаматтардың өтініштерін орындау бойынша шағым өте көп екендігін айтты. Саяси кеңес Бюросының мүшесі. Ә. Исаев Жалпы қай округ болсын, БПҰ төрағалары, округ әкімдері халықпен ашық кездесуі керектігі жайлы, өзекті мәселелер бойынша халықпен жиі кездесу керектігін айтты. Саяси кеңес Бюросының мүшесі Е. Тұрымбетов Халық арасында әлеуметтік наразылық тудырмау үшін жүйелі жұмыс істеу, уақытылы, нақты өтініштерге жауап беру керектігі жайлы айтты. Р.Абилова «Nur Otan» партиясының 2015-2025 жж. арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру бойынша сапалы жұмыс ұйымдастырылуы керектігін айтты. «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Закиржанов қорытынды сөз сөйлеп, қаралған мәселелердің орындалуы қатаң бақылауда болатыны жайлы айтты. БПҰ-да партиялық мүшелік жарналарды жинау жоспарын орындау, партия мүшелерінің санын есептеу –салыстыру (сверка) жұмыстарын ұйымдастыру бойынша іс-шараларды атқару қатаң бақылауда болуы керектігін айтты.

Күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, талқылай келе «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы Саяси Кеңесінің кеңейтілген Бюро отырысы қаулы қабылдады.

 

 «Nur Otan»

 партиясы Іле аудандық филиалы