Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғамМерекелер

ПЕДАГОГТАРҒА ҚҰРМЕТ

2019 жылғы 30 қыркүйекте  сағат 15.00-де Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, аудандық филиалдың мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Қарттар күні» және «Ұстаздар күні» мерекесімен орайластырып, мерекелік құттықтау шарасы өтті. Шараға ауыл шаруашылығында ұзақ еңбек еткен ардагер Қ.Құлатаев, білім саласында ұзақ жылдар басшылық қызмет атқарған ардагер – ұстаздар: Нұранова Каниза Әбдіразаққызы, Топарова Баян, Амиржанова Манат Рақышқызы, Гасанова Лилия Ивановна, Сапронова Елена Евгеньевна, № 2 орта мектеп директоры Сембаев Бекет Сламғазыұлы, «Солнышка» балабақша меңгерушісі Ткачева Светлана Викторовна, қатысып, білім саласындағы ұзақ жылдардағы тәжірибелер мен жетістіктерін айтып, өздерінің ойларымен бөлісті. «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының көңіл бөліп, құрмет көрсеткеніне алғыстарын айтты. Аудандық мәслихат депутаты, «Іле таңы» газетінің тілшісі Р. Елешев ұстаздардың қазіргі мәртебесі жайлы сұрақ қойып, өзара пікір алмасылды. Шара соңында «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С. Закиржанов құттықтау сөз сөйлеп, ардагерлерімізге ұзақ ғұмыр, отбасыда амандық, бақ-береке тіледі. Шараға қатысушы ардагерлер аудандық филиал атынан Алғыс хатпен, сыйлықтармен марапатталды және естелік фотоға түсті.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button