Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамСпорт

СПОРТ БӘРІН ДЕ ЖАҚЫНДАСТЫРАДЫ

Кеше Өтеген батыр ауылындағы жасөспірімдер мен оқушылар спорт сарайында аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Бәріміз біргеміз» атты аудан аралық конкурсы өткізілді.

Конкурстың негізгі мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі танытуға жәрдемдесу, қоғамға мүгедектерді етене араластырудың тиімді тәжірибесін қолдану.

Аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүмкіндігі шектеулі балалар үйден әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшесінің меңгерушісі М. Сафарова «Біз жылда «Алтын күз» байқауын өткізетінбіз. Осы жолы дәстүрлі конкурсымызды сәл өзгертіп спорттық байқау ретінде өткізгелі жатырмыз. Осындай іс-шарада балаларымыз бен ата-аналарымыз бір командаға бірігіп, қарсыластарымен бірге жарысқа түсетін болады. Бұл спорттық бәсеке мен жаттығулар балалардың дамуына оң әсерін береді» – деп ағынан жарылып, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, демеушілік танытқан «Мостоотряд–8» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне шынайы алғысын да білдірді. Ал, жарысты алғы сөз сөйлеген аудандық мәслихат депутаты В. Тарасовта спортшыларға сәттілік тілеп, арнайы құттықтауын жолдады.

«Бәріміз біргеміз» конкурсының қорытындысымен жеңімпаз деп танылған барлығы 50 қатысушы: «Қыран», «Жебе», «Үміт», «Жалын», «Алғыр», «Арман» топтары болып бөлініп конкурста өз өнерлерін көрсетті. Конкурста 6 номинация, оның ішінде «Топ ұраны», «Кегли», «Шеңберді алысқа лақтыру», «Қапты киіп жүгіру» «Мергендік Баскетбол», «Арқан тартыс», команда капитаны арасында «Боксер қолғабы» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды. Айта кетейік ауданымызда есепте 900-ге жуық мүмкіндігі шектеулі бала бар. Барлығына әлеуметтік көмек өз деңгейінде көрсетілуде.

Құрамына мәдениет және әлеуметтік саласының мамандары енгізілген қазылар алқасы әділ бағасын беріп, жүлделі орындарға диплом және естелік сыйлықтар, барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтарын табыс етті.

 

Бағдат ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button