Алматы облысының жаңалықтарыҚоғамӨндіріс және кәсіпкерлік

Беларусь елі Панфилов ауданы арқылы Қытайға өз тауарын шығармақ

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Беларусь елінің тауарлары сатылатын арнайы сауда орталығы ашылды. Қазірдің өзінде бұл еркін экономикалық сауда аймағында 20-дан астам түрлі компаниялардың өнімдері қойылған.

Беларусь Республикасының Премьер-министрінің бірінші орынбасары Александр Турчиннің айтуынша жаңадан ашылған сауда павилоны арқылы Қытай нарығына қандай тауар керектігін зерттейміз. Егер біздің өнімдерге сұраныс артып жатса Алматы обысында Беларусь елінің өнімдерін өндіретін боламыз,-деді.

Беларусь Республикасы Қытай еліне өз өнімдерін мұхит арқылы бір айдан астам тасымалдаса, «Құрғақ порт» арқылы 15 күнге тасымалдау мүмкіндігі бар.

Осы орайда, облыс әкімі Амандық Баталов А.Турчинға «Nur joly» және «Құрғақ порт» бекеттерінің жұмыстарын таныстырды.

Айта кету керек, өткен жылы Қазақстан мен Беларусь арасында 1 млрд теңге сауда-саттық жасалынған.

Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button