Алматы облысының жаңалықтарыДенсаулықҚоғам

Талдықорған қаласында МӘМС жағдайында медициналық көмекті ұйымдастыру туралы семинар өтті.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Success K» Стратегиялық коммуникациялар агенттігімен бірлесе отырып,үстіміздегі жылдың 30 қазан күні Талдықорған көпсалалы клиникалық ауруханасының мәжіліс залында МӘМС жүйесін ілгерілету бойынша медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинар-кеңесі өткізілді. Аталған семинарда баяндалған МӘМС жүйесін ілгерілету бойынша мәліметтерді қатысқан қызметкерлер өздерінің медициналық ұйымдарында талқылауы тиіс.Семинарды тренер Бримжанова Маржан ашып, МӘМС туралы баяндама жасап, медициналық ұйым өкілдерінің қойылған өзекті сұрақтарына жауап берді.Кеңес отырысын КеАҚ Міндетті әлеуметтік сақтандыру Қоры Алматы облысы бойынша филиалының директоры Отаргалиев Нұрлан Таңжарықұлы қорытындылай келе, МӘМС жүйесіне дайын болуды тапсырып, нақты тапсырмалар берді.

Халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімі

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Алматы облысы бойынша филиалы

Басқа жаңалықтар

Back to top button