Алматы облысында «ЕРЕКШЕ» жандарға арналған жоба іске асуда

0
32

«Jetisy Media» алаңында «A&A: IT-services & Education» жастар қоғамдық бірлестігі Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің тапсырысымен «Сөйлейтін пернелер» жобасын жүзеге асыруына байланысты баспасөз — мәслихаты өтті.

XXI ғасыр ақпараттың уақыты. Күннен күнге жаңарып келіп жатқан мәліметтерден көз аша алмаймыз. Ал, қоғамның «ерекше мүшелері» осы тұрғыда өздерін жаңалықтармен қалай қамтамасыз етпек? Бұл бүгінгі күннің басты сауалы. Бұл ретте «Сөйлейтін пернелер» атты жобаның мақсаты аталған кемшіліктерді реттеу болып табылады.

«Адам көз арқылы 80 пайыз, есту қабілеті арқылы 20-30 пайыз ғана ақпарат алады. Толық мәліметтен құлақдар болу үшін, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «тифо флеш плеер» атты құрылғы көмекке келе алады»,- дейді жоба авторы Қуаныш Қапанов.

Қалтаға салып жүруге ыңғайлы құрылғы да, 150-ге жуық интернет радио бар. Сонымен қатар mp3 түрінде аудиоларды естуге, Wi-Fi арқылы интернеттке қосылып уикипедиядан керекті мағұлматты алуға болады. Одан бөлек диктафон, музыка, заметка, кітап сөрелері деген қосымшалары жұмыс істейді.

Жоба авторының айтуынша, барлық ақпараттар Ресей Федерациясынан алынады. Бүгінге дейін 8 мүмкіндігі шектеулі жандарға техниканы қалай пайдалануды үйреткен. «SARA CE» зағип адамдарға кітап оқуға арналған машина да «Сөйлейтін пернер» жобасының бір жаңалығы. Мұнымен кез келген кітапты қай тілде болмасын оқуға болады. Айта кетерлігі баспасөз-мәслихатында таныстырған екі құрылғы да тетіктер арқылы іске қосылады. Бұл жерде де, тектікшені басу арқылы машинаның камерасын көтеріп, кітап, құжат тағы басқа оқуға керекті қағаздарды сканерден өткізеді. Содан кейін ғана, бірнеше секундтан соң машина оқуды бастайды. Техникадағы әр перненің қызметтері әр түрлі. Және адамның қалауына қарау мәтінді оқудағы ырғақ пен жылдамдықты ауыстыруға да болады. Яғни, тез немесе баяу оқу үлгісін таңдауға мүмкіндік бар.

«Тифо флеш плеер»-ді 90 сағат көлемінде тоқ көзіне қоспай пайдалануға болса, «SARA CE» оқу машинасының қуаты 5 сағатқа дейін жетеді. Осы зат 2019 жылы қайтадан жаңарып шығарылған, салмағы 3 кг. Жолда өзіңізен алып жүруге ыңғайлы»,- дейді жоба ассистенті Серік Сембекұлы.

Қуаныш Болатбекұлы бұл жобаны осыдан 4 жыл бұрын ойластырған. Биыл ғана жүзеге асырудың орайы келген. Аймақтардағы түрлі семинарларға қатысып, зерттеу жасағаннан кейін, өңір басшысы Амандық Ғаббасұлына кіріп көмек сұраған. Содан кейін ғана облыс әкімінің нұсқамасымен жолға қойылған. Жоба жетекшілері жыл соңына дейін 20 адамды оқытуды жоспарлап отыр. Егер адам саны біз ойлағаннан да көп болса, ары қарайда оқыта бермек.

Анар Сабырова