Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Ақмола облысында студенттердің өмір сүру жағдайы тексерілді

Ақмола облысының Арнайы мониторингтік тобы «AQMOLA – Adaldyq Alańy» жобалық офисімен және «Jas Otan» МК филиалымен бірлесіп, сондай-ақ облыстық мәслихат хатшысының қатысуымен Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің № 2 студенттік жатақханасында тұру жағдайына мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында өрескел бұзушылықтар анықталған жоқ. Ғимараттың әрбір қабатында кір жуғыш машиналар, ас үй жабдықтары, тоңазытқыштар бар. Алайда, қоғам өкілдері жатақхананы тамақ дайындау және ішу үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында ас үй жабдықтарымен қосымша жабдықтау қа11-02-2020_09-53-18жеттігін атап өтті. Сондай-ақ, олардың табиғи тозуына байланысты бөлме аралық есіктерді ауыстыру қажет. Сонымен қатар, студенттік бөлмелерде жеке пайдалануға арналған кереует жанындағы тумбочкалардың саны жеткіліксіз екені анықталды.

Жатақханада бейнебақылау камералары жұмыс істейді, бірақ жедел жағдайды барынша тиімді қадағалау, тәртіпті қорғауды пен студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша камераларды пайдалану қажет. Жатақхана басшылығының айтуынша, бұл мәселе жақын арада шешіледі. Студенттердің өмір сүру қауіпсіздігіне қатысты, жатақханада күзет бекеті жұмыс істейді, ал студенттер мен келушілердің рұқсаттамасы қағаз талондар бойынша жүргізілетінін атап өту керек.

Мониторинг қорытындысы бойынша жұмыс тобы жатақхана әкімшілігіне анықталған кемшіліктерді жою жөнінде бірқатар тиісті ұсыныстар берді.

Бүгінгі таңда студенттік жатақханалардың жетіспеуі мемлекет үшін аса өзекті мәселе болып табылады. Осы мәселені шешу аясында аймақта 2328 орындық 6 білім беру ұйымдарына арналған студенттік жатақхана құрылысы бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетерлік жайт, осы саладағы жұмыс жүйелі түрде жалғасатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button