Басты ақпаратДенсаулықҚазақстан жаңалықтарыСпорт

Токио Олимпиадасы тағы да кейінге шегерілуі мүмкін

Tokyo 2020 Олимпиадасы директорлар кеңесінің мүшесі Харуюки Такахаси егер COVID-19 пандемиясына байланысты жағдай жақсармаса, Олимпиада ойындары тағы да кейінге шегерілетінін мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Japan Times-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың наурыз айында Жапония үкіметі мен Халықаралық олимпиада комитеті келесі айда өтуі тиіс болған Олимпиада ойындарын 2021 жылға шегеру туралы бұрын-соңды болмаған шешім қабылдады.

Nikkan Sports жапон газетінің хабарлауынша, ХОК президенті Томас Бах келесі жылы жарыс өтпесе, Олимпиада ойындарын тоқтату керек екенін айтқан. Бірақ Такахаси бұл Жапония мен әлем экономикасына үлкен шығын келгенін хабарлады.

«Жапония мен әлем экономикасы одан қатты зардап шегеді», — деді Такахаси. Ол Ойынды тоқтатпас бұрын тағы да кейінге шегеру мәселесін қарастыру қажет екенін айтты.

Жұма күні ұйымдастыру комитетінің атқарушы кеңесінің отырысында Токио 2020 президенті Ёсиро Мори ХОК-мен Олимпиада ойындарын өткізбеу туралы мәселе талқыланбағанын мәлімдеді.

Бейжіңде Қысқы Олимпиада ойындарын және футболдан 2020 жылы Әлем чемпионатын өткізуге байланысты Токио Ойындарының одан әрі кейінге қалуы бүкіләлемдік спорттық іс-шаралардың көптігінен одан да үлкен мәселелер тудырады.

Еске сала кетейік, Токиодағы Олимпиада 2020 жылдың 24 шілдесінен 9 тамызына дейін өтуі тиіс болған. Алайда пандемияға байланысты жарыс келесі жылға ауыстырылды. 2021 жылдың 23 шілдесінен 8 тамызына дейін өтпек. «Токио-2020» деген атау сақталып қалады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button