Алматы облысының жаңалықтарыБасты ақпарат

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов коронавирус жұқтырды

Өңір басшысынан COVID-19 індетінің симптомсыз түрі анықталған

Алматы облысының әкімі  Амандық Баталов коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыс әкімінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта өңір басшысы оқшауланған. Ғалымұрат Жүкелдің хабарлауынша, індет сынама тапсырған соң белгілі болған.

«Алматы облысының әкімі Амандық Баталов оқшауланды. Себебі, соңғы зертханалық сынама облыс басшысының бойында COVID-19 белгілерін анықтады. Ауру симптомсыз өтуде. Осы уақыт аралығында облыс әкімі оқшауланып ем қабылдап, жұмысын жалғастырады», — деді ол.

Ал облысы әкімімен қанша адамның байланыста болғаны әзірге белгісіз. Қарым-қатынаста болған адамдар анықталып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button