Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпарат

Іле ауданы әкімінің өкімімен Ибраев Серікжан Берікұлы Іле ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Ибраев Серікжан Берікұлы 1985 жылы туған. Білімі жоғары.2007 жылы Орталық Азия университетін қаржы мамандығы бойынша бітірді.Еңбек жолын 2011 жылы Текелі қалалық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жетекші маманы қызметінен бастап, 2012 жылы Текелі қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру-кадрлар жұмысы бөлімінің бас маманы, Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы оқу орындарымен және жастар үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істеу бөлімінің бас маманы, содан соң Алматы облысы әкімі аппарат басшысының көмекшісі, Алматы облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімі, облыс әкімінің бас инспекторы, 2017 жылы Талдықорған қаласы әкімінің көмекшісі, Талдықорған қаласына қарасты Еркін ауылдық округінің әкімі, Іле ауданы әкімінің көмекшісі, Іле ауданы әкімінің аппарат басшысы міндетін атқарушы қызметтерін абыроймен атқарды. Аудан әкімінің орынбасары қызметінде білім, медицина, мәдениет, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласына жауапты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button