Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Алғысымыз шексіз

2020 жылдың 1-тамызынан бастап «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық акциясы басталған болатын. Осыған байланысты Чапаев ауылындағы №45 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ғалия Тахирқызы Рахымбаева мен Ботагөз Асқарқызы Қарабалинаның ұйымдастыруымен «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы бойынша әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы және жетім балалар оқу құралдары, сөмкелер, байланыс телефонымен қамтамасыз етіліп, оларға қаржылай көмек берілді. Жалпы «Мектепке жол» акциясы барысында 62 балаға оқу құралдары мен сөмкелер, 1 оқушыға смартфон сатып алынды.

Осы сауапты шара барысында қайырымдылық көрсеткен Чапаев ауылының әкімі Рахымов Қанат Қасымханұлына, №45 мектеп директоры Махамбет Ешмұханбетұлы Мұқажановқа, қамқоршылық кеңес мүшелері Бақыт Болатқызы Болатоваға, Санат Ерболатұлына, ұстаздар Жадыра Сағынбайға, Әсия Нұрыллаеваға, Гүлнұр Ермағанбетоваға, сонымен қатар осы акцияға белсене атсалысқан басқа да демеушілерге алғысымызды білдіреміз.

Акция әлі де жалғасын табады. Жақсылық жасаудан жарысайық!

Ә. Дүйсебек,

№45 орта мектептің  әлеуметтік педагогі

Басқа жаңалықтар

Back to top button