Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

ҚАЙЫРЫМДЫЛАРҒАМЫҢ АЛҒЫС

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің», — дейді қазақ халқы. Адамның адамға деген таза ниеті, бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі қажет. Сондықтан қайырымды болуға, мейірімді болуға барынша тырысайық. Жақсылық жасау – тәрбиеліктің, имандылықтың, парасаттың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса», — деген халқымыздың игі дәстүрі қазірге дейін өз жалғасын табуда.

Чапай ауылы №10 орта мектебінің әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларына көптеген көмек көрсеткен ақ ниетті жандарға мың да бір алғыс айтамыз! Атап айтатын болсақ, Чапай ауылдық округінің әкімі Рахимов Қанат Қасымханұлының келісімімен көпбалалы, әлеуметтік көмекке мұқтаж 6 оқушыға көмек көрсетілді. Қаржы шаруашылық бөлімінің басшысы Исаев Жандос оқушымыз Тимошенко Андрейге киім-кешек алып берді. №10 орта мектебінің директоры А. Ержанова, мұғалім Р. Жайылханова аз қамтылған, көпбалалы отбасыларынан шыққан оқушыларды оқу-құралдарымен қамтамасыз етті. Төтенше жағдайға байланысты екі қолынан бірден айырылған Раковский Евгенийге №10 орта мектебінің ұжымы ақшалай көмек көрсетті. Ауыл тұрғындары да толық емес, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларына барынша көмек қолын созып, жәрдем көрсетуде. Мектеп ұжымы Чапай ауылдық округі мен демеушілерге көмектері үшін шынайы алғыс білдіреді. Бұл көмектер әлі де өз жалғасын табады. Көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын бірге созайық. Айналамызға қайырымдылықпен, мейірімділікпен қарайық, ағайын! Осы игілікті шараға үлес қосу әр адамның парызы деп есептеймін.

Қайырымдылық қорлар арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейсін деп тілейік!

 Г. БАТЫРБАЕВА,  әлеуметтік педагог

Басқа жаңалықтар

Back to top button