Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

ҚАМҚОР БОЛУ – ІЗГІ ҚАСИЕТ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Балалардың құқықтарын қорғау» комитетінің 2014 жылғы 16 қыркүйектегі бұйрығымен 29-қазан «Қамқоршы күні» мерекесі болып жарияланған. Осыған орай №32 орта мектебінде «Қамқоршы күні» мерекесінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Бергентай, әлеуметтік педагог Г.Кадырова мен сынып жетекшілері қамқорлыққа алынған оқушылардың үйлеріне барып, қамқоршыларды құттықтап, оларды алғыс хатпен марапаттады.

«Бала – еліміздің болашағы» десек, бала тағдырына және тәрбиесіне бей-жай қарамай, қамқор болған аналарымызға мың алғыс. Балалардың жарым көңіліне қуаныш сыйлап, өз қамқорлығына алып, оларға махаббатын сыйлаған, алтын жүректі ата-аналарымыз Оксана Михайловна Пашкова мен Мирхан Айтбайқызы Оразалиеваға алғысымызды білдіреміз.

Халқымыз қашанда өз қанынан жаралған ұрпағын жатқа бермейтіндігімен ғана емес, өзгенің де жетім қалған көгенкөздерін бауырына басып, жүрек жылуын аямайтын дархан көңілімен ерекшеленген. Соңғы екі-үш жылда бір емес бірнеше баланы өз отбасына алып, өзекке теппей, ошағының жылуымен бөлісіп отырған отбасылар көп. Осындай батыл қадам жасап, бала тәрбиесіне үлкен үлес қосып, көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген ата-аналарға арналып Қазақстан Республикасында 2014 жылдан бастап, «Қамқоршы күнін» мерекелеу дәстүрге айналды.

Г. КАДЫРОВА,

№32 орта мектептің әлеуметтік педагогы

Басқа жаңалықтар

Back to top button