Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғамРуханият

«Қазақстан – біздің үйіміз»

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміз бойынша елімізді тануға және оны бүкіл әлемге танытуға болады. Өйткені, онда халқымыздың бастан кешкен тарихы, бүтіндей мәдениеті жатыр. Сондықтан, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет отансүйгіштік сезімнің бастау көзі бола алады.

Осы орайда білім ордаларында да мемлекеттік рәміздерді дұрыс қолдану мен насихаттау барысында елеулі жұмыстар атқарылып келеді. Мектебімізде қазан айының 12-19 күндері аралығында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Кегенбаеваның ұйымдастыруымен онлайн форматта іс-шаралар кешені атқарылды. Мектеп кітапханасында «Гүлдене бер, менің Қазақстаным!» фотоколлажы ұйымдастырылып, оқушыларға бейнеролик көрсетілді. 2-4 сыныптар арасында «Қазақстан – біздің үйіміз» сурет көрмесі ұйымдастырылып, 8-9 сыныптарда бейнероликтер жасалды.

1-сыныптың жетекшілері онлайн форматта «Менің Туым» атты сынып сағатын өткізді. Сынып сағатында рәміздердің авторлары, элементтері жайлы түсінік беріп, оны құрметтеуді үйретті. Сынып сағатында слайдтар пайдаланылып, әдеби монтаж айтылып, бейнероликтер жасалды.

Тарих пәнінің мұғалімі А.Бердімұратованың ұйымдастыру-ымен 8-9 сыныптарда «Мемлекеттік рәміздерді дұрыс қолдану» тақырыбында ZOOM  платформасы арқылы дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында Ел-таңбаның жаңартылған нұсқасы туралы айтылып, презентация көр-сетілді. Шара барысында оқушылар өз пікірлерін ортаға салды. 5-7 сыныптар аралығында «Рәміздерім – мақтанышым» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтілді. Сайыста туған жер, Отан, рәміздер туралы өлеңдер оқылып, бейнеролик дайындалды.

Біз, Тәуелсіз Қазақстанның азаматтары, ел болып сүйікті әнұранымызды шырқаймыз, Туымыз бен Елтаңбамызды мақтан етеміз. Әнұранымыз қазақстандықтарды бірлік пен татулыққа үндей берсін. Тұлпар тұрпатты Елтаңбамыз бостандықтың, жарқын өмірдің символы бола бергей!

Абзал БАТНИЯЗ,

№21 орта мектеп мұғалімі

Басқа жаңалықтар

Back to top button