Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғамМерекелер

БІЗ — БАҚЫТТЫ ҰРПАҚПЫЗ!

Тәуелсіздік! Осы сөздің астарында ұшан-теңіз ой жатыр. Осы сөзді есту, оны іштей қайталау, сыртқа шығарып айту керемет сезім. Тәуелсіздік –Тәңір сыйлаған, жаныма жақын, құлағыма жағымды сөз, естігенде жұдырықтай жүрегімді қуаныш кернейтін тәтті ұғым, елімнің басына қонған ту етер бақ құсы. «Еліміз егемендікке қалай қол жеткізді, қандай тарихи кезеңдерді бастан өткізді?» — деген сұрақтарға жауапты төл тарихымызбен танысу арқылы көз жеткізіп келеміз. Кешегі Керей мен Жәнібек, Абылай мен Әбілқайыр сияқты атақты хандарымыз қанын төгіп қорғаған ұлан-ғайыр жер біздің асыл қазынамыз. Қаншама зұлматты замандар, қиын-қыстау кезеңдер өтіп, өркениетіміз толыққан сайын адамзаттың жаңалықты аңсайтыны белгілі ғой. Есімізге түсірсек, сонау майдан даласында да өзінің өжеттігін көрсеткен қазақтың қайсар қыздары Әлия мен Мәншүк, қайратты жігіттері Бауыржан мен Қасымдар естен кетпес кешегі шындық, бүгінгі аңыз! Соғыс бітіп, жеңіс келіп сүйіндік. Асан қайғы бабамыз іздеген жерұйықты армандаған жастардың мақсатына ешкім тосқауыл қоя алмады, қырылды, тартысты, қан төкті, жан берді, түбінде азаттыққа қол жеткізді. Бабаның арманын жастар жүзеге асырып, Қазақстан Республикасы болып, өз тәуелсіздігімізге қол жеткіздік.

Біз – бақытты ұрпақпыз… Себебі, ата-бабамыз көрген шапқыншылықты, табаны тілім-тілім болған босқыншылықты, бір түйір дәнге зәру болған аштықты, талай боздақтың жанын, жақынын алған сұм соғысты мына біздер, жас ұрпақ, көргеніміз жоқ. Бейбіт өмірмен қатар, аталарым армандаған, өз қолы жетпесе де келер ұрпағы үшін күрескен, қазып қалсаң асты қазынаға толы кең байтақ жерді иеленіп, бай тілді, тәрбиеге тұнып тұрған салт-дәстүрді, ең бастысы тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып жатқан жарқын ұрпақпыз. №20 орта мектеп кадет сыныбы – бізде дәл солай ата-бабамыздың ұлылығын паш етіп, еліміз үшін тер төгуге дайынбыз. Көк туын желбіреткен, Әнұранын шалықтатқан еліміздің барша азаматтарына береке-бірлік, жасампаз еңбек, толағай табыстар тілейміз.

№20 орта меткеп,

 8 «Ә» кадет сыныбы

Басқа жаңалықтар

Back to top button