Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыЖетісу - адалдық алаңыҚоғам

Жемқорлыққа қарсы күрес — әр азаматтың міндеті

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық заманауи қоғамның өзекті мәселесі болып табылады. Ол үнемі терең зерттеуді, белсенділікті және оған қарсы тұруды қажет етеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған мемлекеттік бағдарламалар мен белгілі бір заңнамалық базаларды іске асырумақсатында Байсерке ауылдық округ әкімшілігі аппаратында үйлестіруді көздейтін жұмыс комиссиясы құрылды. Осыған орай жұмыс тобымен бірге жұмыс жоспары бекітілді.

Жоспар бойынша  округ тұрғындары,  жұртшылық арасында парасаттылық, ізгілік, адалдық пен адамгершілік, ұлттық құндылықтарды насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықты жою жолында қоғам белсенділігін арттыру мақсатында заңгер Д.Тургумбеков, ауылдың  құрметті азаматы Қ.Кенжекулов, қоғамдық  кеңес төрағасыЮ.В.Магайдыңқатысуымен жиналыстар, ақпараттық –түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, көшелерге баннерлер ілінді. Әкімшілік ғимаратының кіреберісінде азаматтардың өтініші мен шағымдарын қабылдау жәшіктері орнатылған, арнайы бұрышта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша ақпарат орналастырылды.

Білім беру мекемелерінде Жастар Комитетінің ұйымдастыруымен құқықтық жалпы оқытулар ұйымдастырылып, «Болашақ парасыз. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және пайда болуын ескерту мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша заңнама» тақырыбында баяндама оқылды, ақпараттық дәрістер өткізілді.

«Сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында  бейнероиктер жасалып, әлеуметтік желілерге жарияланды.

Біз сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оның мүлдем қоғамымызда туындамауына септесуіміз қажет,тиісті деңгейде жұмыс атқарылуын қадағалауымыз керек. Жарқын болашағымыз үшін адал қызмет ету-біздің міндетіміз!

Байсерке ауылдық округ әкімшілік аппараты

Басқа жаңалықтар

Back to top button