Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

«Nur Otan» партиясы өкілдері көпбалалы аналармен кездесу өткізді

2020 жылдың 15 желтоқсан күні сағат 11-00де «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының сайлауалды штабында «Nur Otan» партиясынан ұсынылған аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар – Б.Ысқақ, Р.Катков, Г.Гейдаров, Н.Түймелиев аудандағы көп балалы аналармен кездесу өткізді. Кездесу барысында Өтеген батыр ауылы тұрғыны, көп балалы ана Науанова Ақшолпан жалдамалы үйлерде тұратын көп балалы отбасыларға тіркеу жағынан көмек сұрады, себебі жәрдемақы алу үшін тіркеу талап етіледі. Ашыбұлақ ауылы тұрғыны, көп балалы ана Кабулова Камшат кезекпен үй алу мәселесін көтерді. Комсомол ауылынан келген көп балалы ана Қожахметова Нұрсұлу тұрғын үй салу үшін жер телімін алу тәртібін сұрады. Кездесу барысында көтерілген өзекті мәселелер бойынша заңнамалық кеңестер берілді және құзырлы органдарға сауал жолдау бақылауға алынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button