Аудан жаңалықтарыБасты ақпаратМерекелер

ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ

Құрметті аудан тұрғындары!

Баршаңызды ізгілік пен игіліктің мерекесі Ұлыстың Ұлы күнімен шын көңілден құттықтаймын! Қазақ халқында қай кезде болмасын тамыры тереңге кеткен Әз-Наурыз еңсесі биік елдіктің, ырыс пен берекенің, жарасымды ынтымақ пен берік достықтың мерекесі болып саналады. Ұлыстың Ұлы күні сонымен бірге халқымыздың мәдениеті мен салт-санасының, игі дәстүрлерінің ұлылығын айшықтайды. Наурыз айында қыстан аман шыққан адамның арқа-басы кеңейіп, тіршілікке жан бітіп, жер көгеріп, табиғат ерекше жасарып, ақ молаяды, жарық ұзарады. Бұл кезде күн мен түн теңеліп, адамзат та сергіп, көңілі көтеріліп алдағы күнге деген үкілі үміттерін болашаққа жалғайды. Бүгінде тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтар үшін маңызды әрі сүйікті мерекеге айналды. Жыл сайын жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болып табылатын бұл мереке еліміздің барлық жерінде ұлттық салт-дәстүрлерді сақтай отырып, ән мен жырмен, мың бұралған көңілді де думанды болып атап өтілетін. Жаһандық пандемияға байланысты өткен жылдан бері қазақстандықтар Наурыз мейрамын отбасы, ошақ қасында оңаша мерекелеуде. Бұл –уақытша құбылыс. Алдымызда бізді жақсылықтар мен қуаныштар, жасампаз істер мен жарқын күндер күтіп тұр. Тек сол күндерге деген сенімімізді жоғалтпай, үмітімізді үкілей білейік, ағайын! Бірлік пен ынтымаққа, адамгершілік пен имандылыққа үндейтін Наурыз мерекесі Отанымызға береке, халқымызға игілік, әрбір шаңыраққа береке мен шаттық әкелсін.

Ардақты ағайын, құрметті қауым! Баршаңызға мықты денсаулық пен амандық, жақсылық пен қуаныш тілеймін. Ұлыстың Ұлы күні елімізге, жерімізге құт-берекесін ала келсін. Әрбір атқан таңымыз, шыққан күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын!

Б. ҚАРАСАЕВ, аудан әкімі,
«Nur Otan» партиясының аудандық филиалының төрағасы

Басқа жаңалықтар

Back to top button