Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыМәдениет

Әнім де сен, жырым да сен – туған ел

Тәуелсіздік  кезеңінде  ауылды  көркейтуге  еңбегі сіңген тұлғаларды      насихаттау, өнер адамының өмірі мен шығармашылық жолын дәріптеу мен жастарды ән өнерінің құдіретін айқындап, құрметтей білуге баулу мақсатында Ақши ауылдық кітапханасында  Қазақстан Республикасы «Мәдениет қайраткері», Іле ауданының  Құрметті азаматы, жергілікті әнші актриса Гүлнар Ахметбаеваның    65 жасқа толуына орай   «Әнім де сен, жырым да сен – туған ел»  атты кездесу кеші өткізілді.

Кешті Іле ауданының Құрметті азаматы жергілікті ақын, сазгер Шінәдәл Мұқанұлы  ашып, шараға қатысушыларды құттықтап, арнайы шақырған шараға қатысқандарына алғысын білдіріп, шәкірті Измахан Ізбасар арнау өлеңін оқыды. Г.Ахметбаева  балалық шағына саяхат жасап, өмір жолындағы қызықтарын еске алды. Кеште ауыл  әкімі М.А. Жұмамұратов  қажырлы қызметіне толағай табыс тілеп, алғыс хатпен марапаттап, иығына шапан жапты.  Шараның қадірлі қонақтары, Есенбеков Анипулла, «Ақниет» әжелер ансамблі мүшелері және шәкірттері тікелей эфирде көгілдір экран арқылы жүрекжарды тілектерін білдірді. Әріптес сөзін жалғаған мәдениет үйі, кітапхана қызметкерлері С.Гиззатова мен Қ.Амантаеава ағынан жарылып, ән шашуын шашса, Әбілқасым Бексұлу «Туған жер» әсем әнін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Шара барысында көрме инсталляциясы ұйымдастырылып, кітапханашы Б.Шамиева оқырмандарға таныстырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button