Аудан жаңалықтарыҚоғамМерекелер

Бүлдіршіндерден базарлық

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Іле аудандық орталық ауруханасы қызметкерлерінің балалары арасында Бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «сурет байқауы» өтті. Бұл байқауда балалардың салған суреттеріне қарап, олардың қиял әлемін көруге болады. Тәуелсіздікті қалай елестететіні жайлы өз ойларын салып көрсетті.

Байқауға 25 бала қатысты. Ал арнайы құрылған комиссия салынған суреттерді бағалап, жеңімпаздарды анықтады.

Байқау жеңімпаздарын аурухана директоры, аудандық мәслихат депутаты — Ысқақ Бауыржан Ербозымұлы құттықтап, балаларға сыйлықтарын табыс етті.

 

Аудандық орталық аурухана

Басқа жаңалықтар

Back to top button