Аудан жаңалықтарыҚоғамМерекелер

Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы!

Барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы желбіреп, мәртебесі одан әрі арта берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Арайлы азаматтығымыздың кепілі – Мемлекеттік рәміздер қабылданып, Елбасының Жарлығымен 4 маусым күні мемлекеттік маңызы бар айтулы даталар қатарына қосылды. Бұл күн – ақталған үміт күні болып біздің егемен Қазақстан тарихының төрінен орын алды.

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекеше құнды белгілер. Ендеше құндылықтарымызды қастерлеп, ата-баба армандаған азат елімізбен жарқын болашаққа бірге барайық.  Тәуелсізідігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін.

Н. ХАМЗА, Іле ауданының

ҚІЖБ-нің ҚК қызметкері 

Басқа жаңалықтар

Back to top button