Аудан жаңалықтарыМәдениетМерекелерТұлға

«Өнегелі өмір жолы»

Жас оқырмандарға қызығы мен қиындығы мол журналист мамандығы туралы мағлұмат беру, Іле ауданының баспасөз саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан Р.Айдарбекованың еңбек жолын үлгі ете отырып, жас оқырмандарды адалдыққа, төзімділікке, еңбексүйгіштікке, отансүйгіштікке шақыру мақсатында Іле аудандық кітапханасында журналист, Іле ауданының «Құрметті азаматы» Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Айдарбекова Роза Маратқызының 65 жас мерейтойына орай «Өнегелі өмір жолы» атты кездесу кеші өтті. Кешке Іле ауданының зиялы қауым өкілдері, аудандық баспасөз саласы, кітапхана қызметкерлері және көпшілік оқырмандар қатысты. Кеш барысында Роза Маратқызының еңбек жолынан «Еңбектің өрінде, Құрметтің төрінде» тақырыбында слайд көрсетіліп, «Абырой кілті еңбекте» атты Құрмет көрмесі және «Журналист жолы»  фото көрме инсталяциясы ұйымдастырылып, таныстырылды. Сонымен қатар, өмірі мен еңбек жолы туралы естеліктер айтылып, Роза Маратқызымен көп жылдар әріптес болып бүгінде басқа қалада болса да ыстық лебіздері мен әдемі тілектерін видеоқұттықтау арқылы жолдаған жандардың ақ тілектер легі тамашаланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button