Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚазақстан жаңалықтарыҚоғам

Мейірімділік мерекесі

Құрметті Іле ауданының тұрғындары!

Сіздерді мұсылман халқының қастерлі мерекесі, ұлық күндерінің бірі – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

Құрбан айт – жақсылық пен мейірімділіктің, ізгілік пен қайырымдылықтың мерекесі. Осынау атаулы күндерде жүрегінде иман нұры ұялаған әрбір мүмін адам игілікті іске бой ұрып, жақсылық жасауға, мұқтаж жандарға көмектесуге, төңірегіндегі жақындарына қуаныш сыйлауға тырысады.

Елімізде Құрбан айт – әр түрлі этностар мен дін өкілдерінің, ұлттар мен ұлт өкілдері арасындағы сыйластықты, достық пен бірлікті, татулық пен ынтымақтастықты сақтауға және одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының Жарлығымен Құрбан айттың алғашқы күні арнайы демалыс күні ретінде жарияланып, адамдардың құрбан шалуына, Аллаға тілектері мен мадағын айтуға барлық жағдай жасалған.

Құрметті аудан тұрғындары, баршаңызды бүгінгі қасиетті мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақыт, тыныштық, амандық тілеймін. Жаратушы Иеміз тілеген тілек-дұғаларымызды қабыл етіп, әлемді уысында ұстаған індет тезірек тоқтап, қастерлі ұлы Отанымызды мекендеген әрбір жан дерттен аман болсын. Алла Тағала қасиетті Құран-Кәрімде «Сақтансаң, сақтаймын» деген екен. Сол себепті, баршаңызды елімізге келген коронавирустық инфекцияның салдарынан Құрбан айт мерекесі кезінде сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын.

Құрбан айт – құтты болсын!

Б. Қарасаев,

 аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы

аудандық филиалының төрағасы

Басқа жаңалықтар

Back to top button