Алматы облысының жаңалықтарыҚоғамСпортТұлға

ЖАРАЙСЫҢ, ТЕМІРЖАН!!!

Tокyo –2020 пара олимпиада жүлдегері

Жапония ұлттық ста-дионында XVI жазғы Паралимпиадасы өтуде.

Онда 163 елдің арасында Қазақстан делегациясы 37-ші болып шықты. Көк байрағымызды та-эквондодан екі дүркін Әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы, Еуропа чемпионатының үш дүркін жеңімпазы Нұрлан Домбаев пен пауэрлифтингтен Рио Паралимпиадасының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева ұстады. 

Биыл Қазақстан делегациясы өз тарихында жазғы Паралимпиадаға ең көп спортшы апарды. 26 отандасымыз 7 спорт түрінен жүлде үшін бәсекеде түсуде. Оның ішінде ең көп спортшы суда жүзу мен дзюдодан (7 спортшы). Сонымен қатар еліміздің спортшылары алғаш рет параканоэ мен паранысана көздеуден жолдама иеленген.

Токио төрінде жазғы Паралимпиада тарихында екі бірдей рекорд тіркелді. Алғашқысы, төрт жылдықтың басты додасында 4 403 спортшы (2550 еркек / 1853 әйел) бақ сынайды. Олар 22 спорт түріндегі 23 бағдарламада (велоспорт тас жол мен трек болып екіге бөлінген) 539 жүлде жиынтығын сарапқа салады. Алдыңғы үздік көрсеткіш осыдан бес жыл бұрын Риода тіркелген. Рио-2016-да 4 328 атлет бас қосқан еді.

Ауданымыздың белгілі пара дзюдошысы Даулет Теміржан Серікұлы 73 келіге дейінгі салмақтың финалында Теміржан Дәулет Рио Паралимпиадасының қола жүлдегері өзбекстандық Феруз Саидовпен белдесіп, қарсыласқа жол берді. Осылайша паралимпиадада екінші күміс жүлдеге қол жеткізді. Айта кетейік, қазақстандық пара дзюдошы алғашқы айналымда әзірбайжандық Рамиль Гасимовты, ширек финалда Рио Паралимпиадасының қола жүлдегері германиялық Николай Корнхассты, жартылай финалда грузиялық Георгий Калданиді таза ұтты. Қола жүлдені украиналық Руфат Могомедов пен литвалық Освальдас Бареикис алды. Осылайша, Теміржан Дәулет Паралимпиада ойындары тарихында дзюдодан екінші жүлдеге қол жеткізді. Жалпы командалық есепте Қазақстан бір алтын, екі күміспен 18-орынды иеленді. 

Теміржан Даулет – 1991 жылы 20 ақпанда Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында дүниеге келген. Өтеген батыр ауылында орналасқан №13 орта мектебінің түлегі. Қазіргі таңда Өтеген батыр ауылы, Қуат ықшам ауданы, Жұматаев көшесі, №28 үйде тұрады. Дзюдо спортымен 7 жасынан бастап айналыса бастаған. Білімі – жоғары. Алматы қаласындағы Спорт және Туризм академиясын бітірген.  Қазіргі таңда Іле ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып қызмет атқарады.Теміржан Серікұлының жетістіктері өз алдына бір төбе. Ол: пара Дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионы, пара Дзюдо күресінен Азия чемпионы, пара Дзюдо күресінен Халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, енді міне пара Дзюдодан «Tokyo 2020» паралимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

Бағдат ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button