Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

Кітапхана — адалдық, парасаттылық орталығы

Іле ауданында 12 кітапхана  оқырмандарға қызмет көрсетеді. 18 мыңнан астам кітап қоры және 17 мыңнан астам оқырмандар бар

Дүниені дүр сілкіндірген пандемия кезінде де кітапхана  оқырмандарынан қол үзген жоқ. Онлайн  форматта  кездесулер, сұхбаттар, тікелей эфирлер,  танымдық медиа сағаттар өткізіп, эстафета, челлендж ұйымдастырып, әлеуметтік желіге жариялап отырды.

Сыбайлас жемқорлық — заманмен бірге өсіп-өркендеп, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.

Тарихи тереңнен бастау алған сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отыр. Біздің республикамызда да бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің бірінші кезектегі міндетіне айналды.

2020 жылдың 19 тамызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін айтты. «Азаматтарда  парасаттылық идеологиясы қалыптастырылуы тиіс.       

Қазір бұл бағытта үлкен жұмыстар атқарылуда. Академиялық адалдық лигасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы волонтерлік клубтар, адалдық  дүңгіршектері және өзіне – өзі қызмет көрсету кассалары – мұндай жобалар туралы ақпарат кеңінен жариялануы керек. Сонымен бір мезгілде сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимылдың барлық саласында қоғамдық бақылауды күшейту жүргізілуі қажет», – деді президент.  ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты       ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті бірлесіп ҚР Кітапханаларында  «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» орталығы ашу жобасын қолға алды.

Орталықтың мақсаты: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  «Адалдық алаңы» жобасы аясында ҚР кітапханаларында  «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» орталығында  адалдық, парасаттылық, ізгілік, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылық, сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ, мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық  идеологиясын ілгерілету болып табылады.. 

Орталықта кітапханаларда белгілі ақын, жазушы, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, жалпы зиялы қауыммен және жастармен кездесулер, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық құндылықтар кеңінен насихатталады.

Жоба барысында мәдениеттілік, парасаттылық, қарапайымдылық, қайсарлық сынды адами қасиеттерді және парасат идеалогиясын жалпы қоғамға түсіндіру міндеттері кіреді.

Іле ауданында 12 кітапханада «Парасат жолы»  орталықтары мен бұрыштары ашылды.  (Іле аудандық кітапханасында, Іле ауданық балалар , Чапаев ауылдық, Қараой ауылдық ,  КазЦик ауылдық, Боралдай ауылдық, Боралдай ауылдық балалар, Жетіген ауылдық, Междуреченск ауылдық , Түймебаев ауылдық, Ақши ауылдық, Ақши ауылдық балалар кітапханаларында ашылды)

Осы жобаны ашу үшін  неге кітапханалар таңдалды?

Себебі,кітапхананың ішіндегі әрбір залында , кітап арқылы тарих сөйлейді. Нағыз парасаттылықтың, даналықтың ордасы екенін білеміз. Адалдық, парасаттылық, ізгілік пен қа­йырымды қоғам, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды көздейміз. Кітапханаларда  мағынасы кең, мазмұны бай, тақырыбы терең сұхбаттар арқылы ел көңілінен шығатын көкейкесті мәселелерді осы орталықта өткізілуде.        Зиялы қауым өкілдерімен кездесулер, сұхбаттар мен тікелей эфирлер ұйымдастырылады. «Парасат жолы» орталығы жастар мен ғалымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тиімді шешімдер әзірлеу жөніндегі жұмысқа тарту үшін бірегей алаң болмақ. Жаңа орталықтардың жұмысы адалдық, парасаттылық қағидаттарын қалыптастыруға, ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын ілгерілетуге ықпал етеді деп сенеміз. Әрбір жазушы, ақынның шығармашылығы арқылы адалдықты жеткізгіміз келеді. «Парасат жолы» орталығында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес»  тұрақты кітап көрмесі жұмыс ұйымдастырылған..

Көрменің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық іс-қимыл тәсілдері туралы білімді насихаттау. Көрме материалдары Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік туралы әңгімелейді, Көрмеге Іле аудандық  кітапханасының қорынан монографиялар, оқу құралдары, ұжымдық ғылыми жинақтар, конференция материалдары, журнал мақалалары ұсынылған. Басылымдардың ішінен сыбайлас жемқорлықтың тарихы, оның алдын алу және онымен күресу жолдары туралы пайдалы ақпарат алуға болады.

«Парасат жолы» орталығында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтсем

2021 жылдың бірінші жарты жылдығында  барлығы 291 іс-шара өткізілді. Оның ішінде 222 сі офллайн , 69 онлайн форматта өтті.

Ал. «Парасат жолы» орталықтарында  31 іс шара  оның ішінде 18 –і онлайн, 13 –і офлайн түрде өтті.

Атап өтсем:

Іле аудандық кітапханасының «Парасат жолы» орталығында Республикалық «Бір ел –бір кітап»  акциясы аясында ақынжазушыжурналист,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мағазбекқызы Досжанның  шығармашылығына арналған «Қаламгер туындысы – өмір айнасы» атты жазушы бенефисі, Іле ауданы Покровка ауылының «Абу Ханифа» мешітінің бас имамы Жұмамұратов Берік Елмұратұлымен «Адалдық –адамдықтың белгісі» атты сұхбат, Кітапхана саласында ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен ардагер кітапханашы ҚР «Мәдениет қайраткері» , Іле ауданының «Құрметті азаматы» М.Жабиеваның 65 жасқа толуына орай өмірі мен еңбек жолына арналған «Еңбекпен өрілген жылдар» атты кітапханашы бенефисі, ұлағатты ұстаз Ұлдан Әбиқызының өмірі мен еңбек жолына арналған «Ұстаз келбеті» атты сыр-сұхбат кеші, журналист, Іле ауданының «Құрметті азаматы» Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Айдарбекова Роза Маратқызының  өмірі мен еңбек жолына арналған  «Өнегелі өмір жолы» атты кездесу кеші өтті және  ІІ топтағы мүмкіндігі шекетеулі көпбалалы әке Байболов Талғат Ғабдуахметұлымен көпшілік оқырмандардың қатысуымен «Әке шаңырақтың негізгі тірегі» атты сыр сұхбат, теолог маман Ақназаров Есхан Құралханұлымен «Адалдық адами қасиет» атты сыр сұхбат өтті. Іле Аудандық балалар кітапханасының «Парасат жолы» орталығында  Энергетический ауылдық округі қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары Көрпебаев  Қабылан, Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінің наиб имамы Қаби Ринат мырзамен кездесіп тәрбие сағаты өткізілді.

Сондай –ақ Іле аудандық кітапханасына қарасты  ауылдық кітапханаларда ашылған «Парасат жолы» бұрышында атап айтқанда Ақши ауылдық кітапханасында  Құқық қорғау саласының ардагері,заңгер,полиция подполковнигі Ақши ауылының тұрғыны Битьманов  Алмас Бөкешұлымен сұхбат,  осы ауылдың тұрғыны Жамбыл облысы , Тараз қаласындағы Дулати университетінің 4 курс студентті Халықаралық ТМД елдері арасындағы «ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ- 2020» атты І дәрежелі дипломмен және «ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ- 2020» («ТМД ғалымдары») төсбелгісімен, ТМД елдері арасындағы «ҮЗДІК ЖАС СТУДЕНТ» төсбелгісімен марапатталған «Елбасы медалі» жобасының қола медаль иегері Юлдашева Назым Жумамуратқызымен сыр сұхбат өтті, ал, КазЦик ауылдық кітапханасының «Парасат жолы» бұрышында шежіреші, тарихшы, ауылдың абыз ақсақалы Сағымбеков Темірханмен  «Нағыз қазақ-шежіре» атты онлайн сұхбат, Қараой ауылдық кітапханасының «Парасат жолы» бұрышында   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» атты сұхбат  Қараой ауылдық округі әкім аппаратының жетекші маманы Жамансариев Қанат Асылбекұлымен өтті.

Жемқорлардың көбейіп бара жатқанына бірден бір себеп – адамдардың кітап оқуға деген құлшыныстың жоқтығы. Парасаттылыққа, адалдыққа үйрететін құрал – ол кітап. Шойбек Орынбайдың «Түрмеге түспейтіндер», Жеңіс Баһадүрдің «Үңгірден шыққан адам» сынды жемқорлыққа қарсы шығармаларын жастарға оқуға ұсыныс береміз.

Адалдық алаңында, парасат орталығында адал еңбек етейік!

Іле аудандық кітапхана директоры 

Қ.Будугулова

Басқа жаңалықтар

Back to top button