Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратБілім және ғылымТұлға

ӨМІРЛІК БАҒДАР: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫ

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» — дейді ұлт зиялысы Мұхтар Әуезов. Шынымен, ел ертеңі жастардың түзу, тура бағытта нық қадам басуына байланысты. Әр жеткіншек мамандық таңдаудан қателеспеуі тиіс. Осы негізде облыстық ішкі саясат басқармасы өңір жастарына арналған «ӨМІРЛІК БАҒДАР» атты жаңа жобаны іске асыруда.

Жоба облыстық білім басқармасы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларымен бірге жүзеге асырылуда.

Жобаның негізгі мақсаты — мектеп қабырғасындағы (9-11 сынып) оқушыларға мамандық таңдаудан жаңылмай өмірден өз орнын табуға ықпал ету.

Жоба облыстағы 697 мектепті және 4 аудиторияны қамтиды: Бірінші – нысаналы аудитория – 9-11 сынып оқушылары (63 534 оқушы), екінші – олардың ата-аналары (63 534 ата-ана мен қамқоршылар), үшіншісі – мұғалімдері (10 мыңннан астам), төртіншісі – NEET санатындағы жастар (2 491).

Сондай-ақ, «Алматы облысының жастарына арналған кәсіптік бағдар беру» ЖИНАҒЫ әзірленген.

Оқушылардың мамандық таңдаудағы талап-тілегін білу мақсатында арнайы САУАЛНАМА да жүргізіледі.

Мектеп қабырғасындағы жастардың болашағына бағдар көрсетіп, тұлға болып қалыптасуына септігімізді тигізсек, біз үшін үлкен нәтиже болмақ.

Аудандық білім бөлімі

Басқа жаңалықтар

Back to top button