Іле таңы қоғамдық -саяси газетінің жаңалық порталы
Басты бет
Басты бет
ru kz
Іле аудандық қоғамдық – саяси апталық
Басты бетЖаңалықОбществоӘУЕСТІГІ НӘСІБІНЕ, АЙНАЛҒАН ЖАН
10 Наурыз 2018

ӘУЕСТІГІ НӘСІБІНЕ, АЙНАЛҒАН ЖАН

Ауданымыздағы Қосөзен ауылының тұрғыны Әлия Мирасқызын көпшілік жас буын өкілдерінің ішіндегі ең дарынды қолшебері ретінде таниды. Бүгінгі күні түрлі жылылықпен шұлық, жемпірлер, шарф тоқудың хас шебері. Оның тоқыған бұйымдары тек қана аудан, облыс көлемінде ғана емес, республика, сондай-ақ өзге де елдерде танымал және сұранысқа ие.
Әлия қазақтың тоқыма өнеріне жастайынан бейім болған. Алдымен, мұндай өнердің қыр-сырын әкесінің әпкесі Дина апайынан көріп, үйренген. Алғашқы тоқып шығарған бұйымы есінде қалмапты. Бірақ тоқып шығарған қолөнер бұйымдарына жұртшылықтың көңілдері толғаннан кейін Әлия осы саланы әрі қарай дамытуға ниеттенеді. Ауданда Әлияны танитындар тапсырыстарын ойланбастан түр-түсін межелеп беріп жатады. Бағасы да шариғат заңымен өз еңбегіне және кететін шығынына байланысты қойылады екен.


Ешқандай конкурстарға қатысып көрмепті. Бірақ қолөнері тасып жатса, көпшілік алдына шығаруға қарсы емес. Тоқыманың түр-түрін жасап, шығарып, қазақ брендін қалыптастыруда ізденістерін жалғастыруда.
Жолыңыз түсіп Қараой ауылдық округі, Қосөзен ауылына бара қалсаңыз аталған бұйымдардың дайын үлгілерін Әлияның шағын жұмыс үстелінен көруге болады. Тоқымашы жан қолөнерді кейінгі буын өкілдеріне үйретуге де дайын.
Түрлі технологияның дамыған дәуірінде тек қол еңбегімен тамаша дүниелер тудырып жүрген Әлия ендігі жерде заманауи техникаларды да пайдаланып жатса, таң қалмаңыз. Көзінің майын тауысып, өрнектеп жүрген тоқымашы Әлия Мирасқызының келмеске кетіп бара жатқан құндылығымызды қайта жандандыруда еңбегі зор. Осылайша, өмірі тоқымашылықпен байланысты Әлия қарындасымыз өз кәсібін дөңгелетіп қана қоймай, ұлттық өнерімізді насихаттауға атсалысып жүр.

Оған қоса, ауылдағы жас келіндер мен қыздарды жеке ісімен де айналысып нәпақа табуға болатынына көз жеткізіп келеді. Ол қолөнер шебері ғана емес, инабатты келін, адал жар. Жан жолдасы – Мақсат екеуі бір қыз, екі ұлды тәрбиелеп отыр. Ол келіндіктің өз ережелері бар. Ақ орамал келінмен астасып жатқан бір-бірінен арылмас табиғи құбылыс деп біледі. Тоқыма өнерін ауданнан бастап, әлемге танытып келе жатқан алтын қолды жанның кәсібіне береке тілейміз!