Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиОбществоАҚСУ АУДАНЫНЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
13 Апреля 2018

АҚСУ АУДАНЫНЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Білім саласына былтыр 3 миллиард 237 миллион 889 мың теңге бөлінген. Балаларды мектепке дейінгі оқытумен аудан бойынша 7 мемлекеттік, 1 жекеменшік балабақша және мектеп жанынан ашылған 22 шағын орталық жұмыс жасайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Ақсу ауданының әкімі Далбағаев Әділбек баяндады

Сонымен қатар, Қарасу негізгі орта мектебі шағын орталығы жанынан 13 орынды, Қ.Мұқашев атындағы негізгі орта мектебі жанынан 13 орынды, 75 орынды қысқа мерзімді қосымша топтар және Қапал ауылындағы «Бөбек» балабақшасынан қосымша 25 орынды орталық ашылды. Осыған қоса Жансүгіров елді мекенінен 50 орындық «Арай» жекеменшік балабақшасы ашылды.

Сондай-ақ Н.Есеболатов атындағы орта мектеп жанындағы мектепке дейінгі 50 орынды ғимарат күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді.

Қазіргі уақытта мектепке дейінгі ұйымдарда 1025 бала, 900 бала шағын орталықта тәрбиеленуде.

«Аудан бойынша білім сапасы 55,9 %, оқушылардың үлгерімі 100 % көрсетіп отыр. Болашақта білім саласын адан әрі күшейтіп, білікті жас мамандарды ауданымыздың көркейіп, гүлденіп өсуіне үлесімізді қосамыз», - дейді Ә.Далбағаев.

Айта кету керек, былтырғы жылдың ұлттық біріңғай тестілеудің қортындысы бойынша «Алтын белгіні» 14, «Үздік аттестатты» 17 түлек иеленді. Орташа балл – 81 болды.