Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиОбществоЕРЛІКТЕРІҢ, ЕҢБЕКТЕРІҢ МӘҢГІ ӨШПЕЙДІ
5 Мая 2018

ЕРЛІКТЕРІҢ, ЕҢБЕКТЕРІҢ МӘҢГІ ӨШПЕЙДІ

Қадірлі соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Қасиетті де ұлы мереке қарсаңында Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыста жеңіске жеткенімізге 73 жыл толды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі.

Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста жеңіске жеткізді. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді.

Құрметті ардагерлер!

Бүгінгі күнде Іле аудынымызда Ұлы Отан соғысының 19 ардагерлері, сонымен қатар 200-дей тыл ардагерлері бар. «Елдің көркі ерімен, Отан көркі жерімен» дегендей, ел басына қатер төнген жылдары кеудедегі шыбын жаны шыққанша жаумен жаға жыртысқан батыр аталарымыз. Олар ең алдымен ұлты үшін, халық үшін жанын құрбан еткен жандар. Жыл өткен сайын қатары азайып бара жатқан майдангер аталарымыздың есімдері ұмытылмай, келер ұрпақтың есінде мәңгі жатталып қалады.

Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілеймін. Ардагерлеріміздің дені сау болып, солдаттар мен офицерлеріміз табысты қызмет ете берсін. Ержүрек және жігерлі адамдардың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкеле берсін!

Ұлы жеңістің күні құтты болсын!

 

Автор: Қ. МЕДЕУОВ, аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы