Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
27 Июля 2018

ЕРКЕ ЕСІЛДІҢ ЕРЕКШЕ КӨПІРІ

Елордамыз – Ұлы дала төсіндегі туған жарық жұлдыз, әлем шаһары. Батыс пен Шығыс түйіскен сайын дала төсінде бүгінде көпжақты саяси және экономикалық қарым-қатынас орнап, мәдени-әлеуметтік ынтымақтастық тоғыз жолдың торабында тоғысты. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясынан туындаған баламасыз туынды, ел тәуелсіздігінің басты символына айналған айбыны асқақ Астананың жиырма жылдығына орай, Атырау Елордаға ерекше көпір сыйлады.

Көпірдің саябақ аймағындағы жаяу жүргіншілер легі мен велосипед желісін Есіл өзенінің оң жағалауымен жалғайды.

Егер көпірге жоғарыдан қарайтын болсақ, оның пішіні Атырау облысының символы саналатын балыққа ұқсайтынын көруге болады. Көпір құрылысы заманауи талаптарға толықтай жауап береді. Көпірдің дизайны бойынша қазақстандық және кореялық сәулетшілер жұмыс істеді. Жалпы ұзындығы – 313,5 метр, ені – 10,5 метр болатын көпірде жаяу жүргіншілерге арналған алты метрлік жолақ, велосипедшілер үшін үш метрлік жолақ, сондай-ақ, ені 0,5 метр болатын қауіпсіздік жолағы және 0,5 метрлік шарбақты

қоршауға арналған екі жолақ бар. Салмағы 1920 тонна болатын көпірден бір мезетте 3000 адам еркін өте алады. Жаңа көпір «Самал» ықшам ауданы мен Амфитеатрды жалғап тұрады.

Жергілікті тұрғындардың жалпақ тілімен «Анаконда» аталып кеткен «Атырау көпірінде» болған Елбасымыз: «Көпір Елорда тұрғындары мен қонақтарына ұзақ жылдар бойы қызмет етеді. Астаналықтар бұл нысандарды дайындауға атсалысқан барлық өңірлерімізге алғыс айтуы тиіс. Бас қаланы бүкіл ел болып тұрғыздық және бүкіл ел қуанышқа кенелуі керек», – деді.

«Атырау көпірінің» велосипед көлігінің инфрақұрылым нысандарын таныстырды. Велосипед жолы Есіл өзенінің бойы мен сол жағалауы және ЕХРО кешенінің нысандары арқылы өтеді. Ол қалалық саябақтағы шаңғы және роликке арналған жолдар мен «Ильинка» кентінен «жасыл белдеу» арқылы өтетін велосипед жолақтарын байланыстырады. Велотрек арнайы үстелдер, велосипед қоятын орындары бар, Wi-Fi және телефонды зарядтау мүмкіндігі қарастырылған «ақылды инфрақұрылыммен» жабдықталған.

Автор: Өз тілшіміз