Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
27 Августа 2018

Бүгінгі күнгі он тапсырма

Маған ұнағаны тоғызыншы бағытында заңның құзіреттілігі мен жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қалатынын айтып өтті. Ал, оныншы міндет ретінде «Смарт сити» технологиясының енгізілуі өсіп бара жатқан қалалардың мәселелерін тиімді түрде шешуге жол ашып, инвесторлардың қызығушылығын туғызатынын жеткізді.

«Біздің бәріміз бүгінгі күні осы он тапсырманы орындауға күш салуымыз керек. Жолдаудың толық мәтінінде олардың барлығы көрсетіледі», – деді Елбасымыз.

Мәлімдемде, аталған міндетті орындау үшін халық бірлігі мен ынтымағының маңыздылығын жеткізді.

«Аталған міндеттерді орындау үшін бүкіл қоғамның бірлігі мен ынтымағы керек. Ол үшін Үкімет пен әкімдер кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Отанымыздың көркеюі әркімнің жаңа «Цифрлық дәуір» талаптарына сай болуына байланысты. Осыны әрбір қазақстандық терең түсінуі керек. Қазақстанның жарқын болашағы жолында барлық мақсаттарға қол жеткізетінімізге кәміл сенемін», – деді Мемлекет басшысы.

Менің пікірімше ел болып, бірігіп бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарсақ сыбайлас жемқорлықты жеңетінімізге сенімдімін.

Автор: О. АТАМБАЕВ, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшесі