Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиОбществоҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ
5 Октября 2018

ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Жақында аудандық партия филиалының мәжіліс залында Іле аудандық «Үздік Бастауыш партия ұйымы» байқауы ұйымдастырылды. Байқауға барлығы 16 БПҰ қатысты. Бағалау төмендегі критерийлер бойынша жүргізілді: партиялық жобаларды іске асыруға қатысу, ішкі партиялық жұмыс, партиялық жұмыста жаңа әдістерді пайдалану, азаматтық бастамаларды іске асыру, БПҰ қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, жастармен жұмыс. Байқау барысында БПҰ төрағалары 1 жылғы жұмыстарын бейнесюжет, слайд, альбом-портфолио түрінде көрсетіп, өз белсенділіктерін танытты. Байқауға қатысқан БПҰ партия мүшелері санында 2- санат бойынша күш сынасып, 2 топта өз өнерлерін көрсетті. 7 адамнан құрылған әділқазылар алқасы әр топ бойынша БПҰ жұмыстарын бағалап, қорытындысын шығарды. Әділқазылар алқасының төрайымы Р. Абилова байқауға қатысушылар жұмысын саралап, қорытынды нәтижені жариялады. Байқау барысында 100-ден 500-ге дейін партия мүшесі бар БПҰ арасында:

1-орын – «Іле нұры» БПҰ.

2-орын – «Междуреченск» БПҰ.

500-ден астам партия мүшесі бар БПҰ арасында:

1-орын – «Фирма Бент»БПҰ.

2-орын – «Іле аудандық  орталық ауруханасы» БПҰ.

3-орынға – «Жетіген» мен «Боралдай» БПҰ ие болып, аудандық партия филиалы атынан мадақтама грамоталарымен және сыйлықтарға ие болды. Байқауға белсене қатысқаны үшін аудандық партия филиалының мадақтамасымен төмендегідей «Байсерке», «Ащыбұлақ», «Қараой», «КазЦИК», «Күрті», «Денсаулық», «Энергетик», «Чапаев», «Алматы», «Даулет центр» бастауыш партия ұйымдары марапатталды. Әр санат бойынша байқау жеңімпазы атанған БПҰ Алматы облыстық партия филиалының «Үздік БПҰ» байқауына қатысуға жолдама алды.

Байқау соңында әділқазы алқасының төрағасы Р. Абилова қорытынды сөз сөйлеп, бұл байқауға БПҰ жауапкершілікпен дайындалғаны, жыл бойғы атқарылған жұмыстарға толыққанды талдау, мониторинг жасалғандығы жайлы айтып, сонымен қатар жаңа партиялық жобалармен жұмысты күшейту керектігі жайлы тоқталды, байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Автор: «Нұр Отан»партиясы Іле аудандық филиалы