Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиобществоЕЛМЕН БІРІГІП ҚАНА, СЫБАЙЛАСТЫҚТЫ ҚҰРТА АЛАМЫЗ
4 Марта 2019

ЕЛМЕН БІРІГІП ҚАНА, СЫБАЙЛАСТЫҚТЫ ҚҰРТА АЛАМЫЗ

Бүгін Іле ауданына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Бердалин Арман Тілектесұлымен осы агенттік жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта жұмыс атқаратын арнайы мониторингтік тобының облыстағы іс сапары басталды. Топ құрамында Іле ауданы әкімінің орынбасары А. Садибеков, Іле ауданы әкімінің аппарат басшысы М. Кәрібаев болды.

 Арман Тілектесұлы алдымен Іле ауданының орталығы Өтеген батыр кентіндегі Г. Ерубаева басқаратын №24 лицейі жанынан құрылған «Адал ұрпақ» еріктілер клубымен кездесіп, клуб жеткіншектерінің өнерлерін тамашалады.  №24 лицей ішіндегі «IT Class» тың өнертапқыштарының жұмыстарымен танысып, лицейдің «Толқын» шахмат клубында болды. Онда оқушылар өздерінің ішкі ойларымен бөлісіп, сыбайлас – жемқорлыққа қарсы пікірлерін ортаға салды.

Келесі кезекте, Өтеген батыр кентіндегі орталық аурухананың хал-ахуалымен танысты. Орталық аурухананың бас дәрігері М. Абдыхалықова аурухананың күндізгі стационар бөлімі, терапия және травматология бөлімінің міндеттерімен танысты. Ол арнайы бөлімде жатқан сырқаттармен танысып, қал-жағдайларын сұрастырып, тезірек сауығуын тіледі.

Осы күннің екінші бөлігінде  аудандық әкімшілік ғимаратында аудандық қоғамдық қауымдастық өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді. Онда аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ғ. Нәдірбекова, КазЦИК ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы М. Жамилов, аудандық мәслихат депутаты С. Чатуевтер сөз сөйлеп, ауданымыздағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттердің барлығын жіті қоғамдық бақылауда ұстап отыратынын жеткізді. Дөңгелек үстелдің жалғасы Байсерке ауылдық округіндегі әкімшілік ғимаратында байсеркелік белсенді қоғамдық қауымдастық мүшелерінің пікірін тыңдаумен жалғасын тапты. Онда Байсерке, Әли, Жаңаталап, Қоянқұс, Ынтымақ ауылдарындағы халықтың жалпы жағдайы сұралды. Кездесуді жүргізіп отырған  Арман Тілектесұлы өзінің қандай мақсатта ел аралап жүргендігін таныстырып, сыбайласжемқорлықтың түбіне елмен бірігіп, түбегейлі балта шабуды қолға алуға шақырды.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментімен  агенттік жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта жұмыс атқаратын арнайы мониторингтік тобының келесі кездесуі, ертең Қарасай ауданында жалғасын табатын болады.

Автор: Б. ЧОЙБАСОВ