Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиСельское хозяйствоЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ ЖЕТЕРЛІК
27 Ноября 2017

ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ ЖЕТЕРЛІК

Өткен аптада, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері өздерінің төл мерекелерін атап өтті. Егінін еккен диқаншылар, мал шаруашылығымен айналысқан малшылар биылғы жылғы өнім көңіл толарлық болғанын қуана айтты. Ал енді, жыл қорытындысы туралы ауыл шаруашылығының жеткен жетістіктеріне кеңінен тоқталайық.

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің жұмылып жұмыс істеуінің арқасында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда артық. Ал, ауыл шаруашылық дақылдарының егістік көлемі 588 гектарға өсіп, 68825 гектарды құрады, оның ішінде: масақты дәнді дақылдар 21450 гектар, күздік бидай 5000 гектар, күздік арпа 1800 га, жаздық арпа 8150 га, дәнді жүгері 6500 га, майлы дақылдар: күнбағыс 280 га, майбұршақ 2500 га, мақсары 12040 га, картоп 1627 га, көкөністер  4450 га, бақша дақылдары 820 га, 2600 га сүрлем жүгері көлеміне егілді. Мал азығына 16858 га еркек шөп және 6200 га жоңышқа өсірілді.

Егін шаруашылығы бойынша егістіктерді заманауи озық технологияларды қолданып отырғызу жұмыстары жалғастырылуда. Өткен жылмен салыстырғанда озық технолгиямен себілген егістіктің көлемі 610 га артқан.

Заманауи озық технологияларды қолдану ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне еңбек шығынын азайтуға, тұқым мен гербицидтерді, суды өз мөлшерінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, алынатын өнімнің сапасын арттырып, ерте өнім алуға қол жеткізеді.

Үстіміздегі жылы интенсивті технологияларды қолданып, 761 га майбұршақ, 3726 га дәнді жүгері, 1624 га көкөніс-бақша, 389 га картоп егілді, барлығы 6500 га немесе өткен жылмен салыстырғанда 500 га өсті.

Ылғал сақтау технологиясын қолданумен 3800 га күздік дәнді-дақылдар, 4000 га жаздық арпа, 7500 га мақсары, барлығы 15300 га егілді, яғни, былтырғы жылдың көлеміндей болды.

Мал шаруашылығына келсек, 79062 тонна ет өндірілді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда артты. Алайда жұмыртқа өнімінің өндірісі төмендеді.

Сонымен қатар, жылқы мал басы, түйе, шошқа өсті және ірі қара малы, қой және ешкі, құстың саны былтырғы жылдың деңгейінде.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша жылдық жоспар 300 бас ірі қара малын сатып алу керек болса, Күрті округінің 3 шаруа қожалығы 255 бас, Междуреченск округінің шаруашылығы 21 бас және Ащыбұлақ округінен шаруашылығы 24 бас барлығы 300 бас ірі қара малы сатып алынды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша жоспар 700 бас болса, Жетіген округінің шаруашылығы 500 бас, Қараой округінің шаруашылығы 164 бас және Күрті округінің шаруа қожалығы 136 бас, барлығы 800 бас қой сатып алынды.

«Кұлан» бағдарламасы бойынша жоспар 100 бас болса, Күрті округінің шаруашылығы 20 бас, Қараой округінің шаруа қожалығы 14 бас, Междуреченск округінің шаруашылығы 11 бас және Ащыбұлақ округінің шаруашылығы 10 бас, барлығы 55 бас жылқы сатып алынды.

«Бақ-Дәулет» ауылдық несиелік серіктестігі арқылы ауданның ауылшаруашылық өндірушілері несие алып, оның ішінде мал және өсімдік шаруашылығын дамытуға мән берілген.

Биылғы жылға 4 ауылшаруашылық кооперативін құру жоспарланған, есепті кезеңде 3 кооператив құрылды, 79 қосалқы шаруашылықтары біріктіріліп, 648 адам жұмысқа тартылды. Осы атқарылған жұмыстардың барлығы болып отыр.

 

 

Автор: А.ЮСУПОВ, аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы