Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиРухани ЖаңғыруРУХ ЖАҢҒЫРАР ЖАҢА ДӘУІР
16 Декабря 2017

РУХ ЖАҢҒЫРАР ЖАҢА ДӘУІР

Желтоқсан айының 12 күні М.Мақатаев атындағы №13 орта мектепте «Рухани жаңғыру – ұрпақ сабақтастығы» атты әдеби сазды кеші өтті. Кеш басталмас бұрын метеп білімгерлері осы мекеменің ішін аралатып, 2017-2018 жылдар аралығындағы жетістіктерімен таныстырды. Айта кетсек, облыстық «Дарын» ғылыми жоба бай-қауына 12 оқушы қатысып, Перизат Абдрашид II-орынды, Танзиля Жақсылық III-орынды, Карина Садуақас III-орынды иеленген. Одан келе Мұқағали Мақатаевтың құрметіне жасалған музеймен таныстырды. Онда ақынның ойнаған шахматы, кітаптары қойылған екен.

Ұлттар сабақтастығы – қоғамдағы ең басты құбылыстардың бірі, адам бір ұрпақтың өкілі ретінде, өткен тарихпен өмірін байланыстырады, саналы түрде қоғамдағы оқиғаларға араласып, өткеннің бір бөлшегіне айналады, болашағына бағыт-бағдар алады. Кештің басы бірден көріністен басталды. З.Аққасованың жетекшілігімен М.Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек!» атты поэмасынан сахналық қойылым қойып, бар жандарымен рөлге кірген оқушылар көрермендерді тамсандыра білді. Келесі болып 1 сынып оқушылары «Қазақтың қара баласы» биін билеп, бүлдіршіндер қысқаша өлеңдер оқыды.

«Рухани жаңғыру – тарлан тарихтың жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы» деп Елбасы Н.Назербаев атап өткендей кештің мақсаты кешегі тарихпен жас ұрпақты кездестіру, ұрпақ сабақтастығын сақтау, рух жалғас-тығын нығайту. Тақырып етіп алынған «Ұрпақтар сабақтастығы» деген сөздің мәнісі кең, мағынасы терең. Ол дегеніміз – ұлттық, елдік құндылықтардың арнасы. Әр ғасыр ауысқан сайын халықтың елдік тарихы, рухани дүниесі бір ұлттан келесі ұрпаққа шашылмай-төгілмей ауысуы.

Рух сабақтастығының маңызын көненің көзін көрген, әке ізін жалғаушы, әке өнерін келешекке жеткізуші Төрткен Кененқызы сөз сөйлеп, бұл мектептің оңайлықпен салынбағанын айта өтті. Кеште халық әндерінен папури де, оқушылардан ән шашулар да, билерде ағылып жатты. Ал келесі сөз кезегі «Нұр Отан» партиясының Іле аудандық фи-лиалының төрағасының бірінші орынбасары, Тұрымбетов Ерболат Сапарұлына берілді.

Елбасының «Рухани жаңғыру» идеясы жалпы ұлттық патротизмнің нағыз өзегіне айналды. Оған осы мектепте өтіп жатқан сабақтар мен мерекелік шаралар дәлел бола алады. Ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз бен жол-жоралғыларымыз, ұлттық рухымыз боймызда мәңгі қалуға тиіс. Сонымен бірге жаңғыру деген ұғымның өзі ескірген небір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді. Кештің соңын Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған Владимр Питерцевтің «Тәуелсіз елім» әнін мұғалімдер мен оқушылардан құралған хор орындады.

Рухани сырласу кешін қортындылау үшін мектеп директоры, ҚР оқу ісінің үздігі, ауданымыздың құрметті азаматы, Нәдірбекова Ғалия Нәдірбекқызы сөз сөйледі. Келген қонақтарға алғысын айтып, кеште өнер көр-сеткен бүлдіршіндер біздің болашағымыз дей келе соларға дұрыс тәрбие берейік деп сөзін тәмәмдады.

«Тәрбиесіз білім – сусыз диірмен» демекші, бәсекеге қабілетті болу үшін білімді болумен қатар, дұрыс тәрбие алуы керек. Өткен ата-баба салты мен келешек ұрпақты әрқашан осылай сабақтастырып жүрейік!

Автор: А.Сатымхан