Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиОбществоӨНЕРКӘСІБІН ӨРКЕНДЕТКЕН ОКРУГ
12 Февраля 2018

ӨНЕРКӘСІБІН ӨРКЕНДЕТКЕН ОКРУГ

 

Ащыбұлақ ауылдық округі

Ащыбұлақ ауылдық округі бойынша ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2013 жылдың 15 тамызындағы «Әкімдердің халыққа есеп беру кездеулерін өткізу туралы» Елбасының №615 Жарлығын орындау мақсатында барлық деңгейдегі әкімдердің өзіне жүктелген міндеттері мен қызметтердің орындалуы туралы тұрғындар алдында есеп беруіне сәйкес өткізіледі. 31 ақпан 2018 жылы №20 орта мектеп акт залында Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылы атқарылған жұмыстары мен 2018 жылға арналған міндеттері туралы халық алдында есептерін берді.

Алдымен округ әкімі С.Күзембаев шығып Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауындағы еліміздің дамыған 30 елдің қатарына жеделдетіп қосылуына мүмкіндік беретін бағыттарға басымдық берумен ерекшеленіп отырған 10 басым бағытты таныстырды. Одан кейін округ аумағындағы өнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлік пен ауыл- шаруашылығы саласы, округ бойынша тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстары, «Жол картасы» негізінде жастар тәжірибесі жоспарлы түрде іске асырылуда. Ащыбұлақ ауылдық округі мәдениет және спорт саласында да алға қарыштап дамуда.

Округ әкімінің есебін тыңдағаннан кейін аудан әкімі Қ.Медеуовтың есебі басталды. Онда ол ауданымыздың әлеуметтік экономикалық өсімімен өркендеуін, білім және спорт саласындағы жетістіктерімізді нақтылап жеткізді. Ащыбұлақ ауылдық округіне байланысты газдың таралуы, саяжайлардың құжаттарын заңдастыру жолдары, ауылішілік жолдардың жөнделуімен қатар ауыларалық жолдарды жөндеу туралы тұрғындардың сұрағына жауап берілді. Айта кетейік, Жәпек батыр ауылындағы №4 орта мектепке қосымша ғимарат салынатын болды. Ал, Төле би ауылындағы мектептің құрылысы осы жылы аяқталып, ел игілігіне беріледі. Ауыл тұрғындары округ әкімінен балалардың ойын алаңдарын салып беруді өтінді. Өйткені, Ащыбұлақ ауылдық округіндегі М. Түймебаев ауылы халқы тығыз орыналасқан елді мекен. Бұл жерде балалар ойнайтын ойын алаңы мен әр түрлі үйірмелердің ашылуы ауыл азаматтарының баяғыдан бері аңсап келе жатқан арманы. Бұл сұраққа округ әкімі С. Күзембаев болашақта оң шешімін табатынын және өзі тікелей қолға алатынын жеткізді.

Іле ауданы әкімі Қ. Медеуов пен Ащыбұлақ ауылдық округі әкімі С.Күзембаевтың атқарған жұмыстарына №44 орта мектептің директоры Н. Қыстаубаев, «Жомарт» саяжай төрағасы А. Смайлов, «Мир малышей» балабақшасының басшысы, жеке кәсіпкер Р. Исмайлов, дәрігер М. Байгенженова, Көкқайнар ауылының тұрғыны Н Сағидуллаева «қанағаттанарлық» деген баға берді.

 

 

Автор: Б. ЧОЙБАСОВ