Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБілім және ғылымҚоғамМәдениет

КОЛЛЕДЖ ЖӘНЕ АТА-АНА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

Отбасы құндылығы – біздің мемлекетіміз діңұстанып отырған басты саясаты. Шаңырақтағы ата-ана мен баланың үйлесімді дамуы мемлекеттің іргетасының берік болуына қызмет етеді. Ана мен баланың өмірі мен денсаулығын барлық ер азамат, бүкіл қоғам, күллі ел болып қорғау арқылы жаны сау отбасын қалыптастыра аламыз. Оқу-тәрбие  ісі де  отбасы құндылықтарын жандандыратын, болашақ  елдің ертеңін – оқушыларды тәрбиелейтін мұғалімнің ұлттық, адамгершілік рухани құндылықтары, өздік  ойлау қабілеті жоғары, білімді  өз  бетінше  іздеуге, өз  бетінше білім алуға  дағдылана алатын, бәсекеге қабілетті маман қалыптастыратын үрдіс.

Бүгінде ата-ана мен кәсіптік білім беру ұйымдарының қарым-қатынасы өте маңызды. Өйткені, әрбір бала негізгі тәрбиені үйден алады. Ал колледжде бала өзінің таңдаған кәсібіне қарай білім алып, белгілі бір мамандыққа қарай бағытталады.  Айтайын дегеніміз – колледж бен ата-ана арасындағы қарым -қатынас. Ең алдымен  білім беру ордасы студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, құқықтық, имандылық тәрбиесін беру еді. Тәрбиелік іс-шараларды жастарды өз елін, ел рәміздерін құрметтеуге адалдыққа, азаматтық, саналылық, еңбексүйгіштік, өзге ұлт өкілдерін сыйлауға, өзара қарым-қатынас жасауға бағыттап жүргізуге жұмыс істейді. Студенттерді өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмыстарына тарту, ынтымақ – бірлікке үйрету керек.

Ал біздің оқу орнындағы тәрбиелеу  ісінде  жаңа,  қазіргі  заманға сай, әлеуметтік тапсырысты  қанағаттандыратындай    тәжірибелері қаншалықты екеніне тоқталар  болсақ: алдымен, адамгершілік, патриоттық тәрбие, азаматтықты және мемлекеттік тілді нығайту, этносаралық және конфессияаралық келісім секілді бағыттар бойынша  ұлттық, діни түсініктерін қалыптастырумен жұмыс істепкелеміз. Біздің ұжымда  өзімізге тән тамаша дәстүрлер қалыптасты. Біз жыл сайын Рухани келісім күнін, Құрбан айтты, Пасханы, Рождествоны, т.б. мерекелерді студенттерімізбен бірге  атап өтеміз. Егер біз жастарға  достық пен бауырластық, сенім мен толеранттылық сезімдерін дарыта алсақ, оларда бәрі де болады деп санаймыз.

Топ жетекшілерінің құжаттарының дұрыс жүргізілуіне көмек беру, оларды өз білімдерін жетілдіруіне ықпал жасау, оқушылармен ынтымақтастық қарым-қатыннас орнату, оқу орнындағы клуб, үйірмелердің дұрыс жұмыс жасауына ықпал ету, оларға оқушыларды кеңінен қатыстыру, республикалық, облыстық, қалалық, мәдени сауықтыру іс-шараларына түрлі сайыстарға, оқушылар мен оқытушыларды қатыстыру – біздің басты мақсатымыз. Колледждегі оқу-тәрбие жұмыстарына бағыт-бағдар беріп, бақылап нәтижесін анықтайтын әдістемелік көмек көрсететін топ жетекшілер кеңесі құрылып, бекітіледі. Одан бөлек, оқу жылына арналған жұмыс жоспарын құру, оқушылардың өмірі мен тұрмыс жағдайларын және олардың мұқтаждықтарын зерттеу, оқушылардың ата-аналарымен байланыста (мүмкіндігіне қарай кездесіп тұру) болу, пән оқытушыларымен оқушылардың қабілеттері мен қызығушылығын ескере отырып, мәдениет-көпшілік, спорт, ғылыми зерттеу ісіне және басқа да жұмыстарға тарту, оқу жұмысын, өзіндік жұмысты ұйымдастыру, үлгерімі мен педагогикалық практикаға бақылау жасау, оқушылардың сабаққа қатысудағы енжарлықтары мен нашар үлгерімдерінің себептерін анықтау, топ жетекші, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, бөлім меңгерушілерінің ұсынысымен оқушының орта арнаулы оқу орнында болуының барлық кезеңі колледж директорының бұйрығымен тағайындалады.

Жалпы біздің колледж ұжымы оқушыларға ең басты ұлттық құндылықтар: Ар-намыс, ана тілі, тәубашылық, ризашылық, отанының тарихы, туған жер, ізеттілік, парасаттылық, рахымшылық, қанағаттылық, ата салты, дәстүр, жеті атасы, шежіресі  туралы еліміздегі және өлкеміздегі мәдени мұралар туралы мол мағлұматтар береміз. Осындай жұмыстардың арқасында біздің колледжде үлкенді сыйлау, отбасына құрмет, балаларға қамқорлық, жайма-шуақ қонақжайлылық тәрізді ізгі ортақ құндылықтар берік орнықты деуге болады.  Бұлар – колледж ұжымының бірлескен оқу-тәрбие істерінің жемісі.

Бірінші курсқа келіп түскен студенттеріне ата-аналарымен бірге дәстүрлі емес жиналыстар мен ашық есік күндері, тарихи орындарға саяхат, тәрбие сағаттары, түлектерге арналған «Диплом беру» сияқты шаралар да  ата-аналармен тығыз байланыста жүреді. Мысалы, студенттерімізден құралған «Адалдық алаңы» клубының ұйымдастырған жағдайы төмен аз қамтылған отбасыларына өз қолдарынан жасаған бұйымдарын саудаға салу арқылы көмек беру шаралары да осыған дәлел.

Сондай-ақ, студенттер өз отбасы туралы, мақтан тұтар отбасылық жетістіктері мен дәстүрлері туралы мағлұматтармен бөлісіп отырады. «Өзін-өзі тану» пәнінде студенттер ата-әжесіне, анасына, әкесіне сүйіспеншілік тілектер айтып, ата-анасына лебіз жазады. Олар мұндай әдістің керек екенін, күнделікті бұл сөздерді айта бермейтіндіктерін түсініп, отбасына деген сағыныштарын білдіретіндігіне куә болып жүрміз. Колледждің ұстаздары мен студенттері ізденістерімен, іс-тәжірибелерімен халықаралық, республикалық, облыстық, аймақтық конференцияларға, семинарларға қатысып, ашық сабақтары, тәрбие шаралары, еңбектері жинақтарға еніп, БАҚ құралдарында жарияланып, баспалардан шығып жүр.

Қорыта айтқанда  колледждегі оқу-тәрбие жұмыстары, іс-шаралар – ата-аналармен тығыз байланыс орната отырып атқарылып келе жатқан игі істер Қазіргі заман педагогы – ол практикалық психолог. Ол тәрбие мен оқытуды оқушы туралы объективті мағлұматтар негізінде құруға тырысады. Әрбір оқушының бойында тек өзіне ғана тән таным әрекетінің, эмоциялық өмірінің, жігері мен мінезінің ерекшеліктері болғандықтан, әрбір бала өзіне жеке дара қатынасты талап етеді. Бұл барлық білім ошақтарында бар нәрсе. Ал ата-ана не істеуі керек? Ең алдымен ата-ана  колледжбен тығыз қарым-қатынаста болу керек. Колледж тарапынан айтылатын сыни ескертпелерді бұлжытпай орындап, баласымен ашық сөйлесіп, үнемі ашық қарым-қатынасты қолдану керек.

Шырайлы Маралбекова,

 «Прогресс» политехникалық колледжінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Басқа жаңалықтар

Back to top button