Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
13 Апреля 2018

ЕҢ АЖАРЛЫ ҒИМАРАТТАРДЫҢ БІРІ

Тәуелсіздік Сарайы - мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады. Ғимараттың сыйымдылығы, техникалық жабдықталуы, жайлылығы іс-шараларды жоғары халықаралық деңгейде өткізуге және көрсетуге мүмкіндік береді. Ресми іс-шаралармен қатар концерттерді, көрмелерді, мерекелік жиындарды өткізуге барлық мүмкіндік бар.

Ішкі құрылымы қатаң шешімдер мен жайлылық эстетикасының үйлесімділігі болып табылады. Тәуелсіздік Сарайының құрылымы: Конгресс зал; Рәсімдеу залы; Пресс-орталық; Қол өнер және этнография, археология және антропология галереясы; Қазіргі заман галереясы; Астана тарихы мұражайы; 4D кинотеатры; 360 град. Кинотеатры Электронды кітапхана; Макет залы.

Тәуелсіздік Сарайы 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабат - ұлттық және қазіргі заман стильдерінің біртума үйлесімділігі. Осында 3082 адамға жасалған Конгресс-зал, 268 орны бар Рәсімдеу залы, 220 орны бар Пресс-орталық, сыйымдылығы 678 адамға арналған және сахна мен дыбыс аппаратурасымен жабдықталған кең мейрамхана орналасқан.

Екінші қабатта қол өнер және этнография, археология және антропология галереясы орналасқан. Композициялық үйлестірілген археология залы Алтын адам, Сармат батыры, Берел аттары, құпия жазулары бар тастар сияқты сирек кездесетін ежелгі экспонаттарымен толққан. Адам киімі, аттардың әшекейлері, аң стилінде жасалған скиф-сақ әлемінің бұйымдары да осында орын тепкен.

Этнография мен қол өнері әйел әшекей-бұйымдары, қазақ даласының түрлі аймақтарының ұлттық киімдері, батырлардың қару-жарақтары, ән аспаптары, қолдан тігілген кілемдер, аңға шығу композициясы, әсерлі қыз ұзату көрінісі ретінде ұсынылған. 18-19 ғғ. экспонаттарымен қатар қазіргі заман шеберлерінің жұмыстары да орын тапты.

Көшпенді цивилизациясының ұлы жетістігі - бұл қазақ киіз үйі, қазіргі заман шеберімен жасалған көрермендер назарына ұсынылады. Антропология залы неолит дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі бұрынғы қалпына келтірілген адам бейнесінің көрінісі келтірілген.

Қазіргі заман мұражайында абстракция, пейзаж, ландшафт, портрет, яғни түрлі көзқарастар мен стильдерде орындалған Қазақстан Республикасының Мулашев, Аканаев, Смағұлова, Бегалин сияқты танымал суретшілердің жұмыстары бар.

Үшінші қабатта Астана қаласы тарихының мұражайы орналасқан. Мұражайдың экспозициялық кеңістігі Астана қаласының барлық қалыптасу кезеңін қамтиды: құжаттар, астанаға сыйланған сыйлықтар, жетістіктер. 49 орындық 4D кинотеатры келушілер назарына астана тарихы туралы фильмді ұсынады. «Астана 2030» макет залы астананың 2030 жылға дейінгі даму көріністерін көрсетеді.