Денсаулық

Медициналық ұйымдарға жыл басынан бастап ақы төлеу Алматы облысында халыққа көрсетілген қызмет үшін медициналық ұйымдарға 40,5 млрд. теңге бөлінді

2019 жылғы 11 шілдедегі жағдай бойынша «әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы медициналық қызметтерді жеткізушілерге 40,5 млрд теңге төледі, бұл медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде медициналық көмек көрсетуге жасалған шарттар сомасының 56,2% — ын құрады.

2019 жылы Алматы облысы бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында халыққа қызмет көрсету келісім-шарттарының жалпы сомасы 72,3 млрд теңгені құрайды.

«Жұмыс халыққа медициналық көмек көрсету кестесіне сәйкес жалғасуда. Бөлінген сома медициналық мекемелердің операциялық шығындарын жабу үшін жеткілікті», — деді «әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Раймбекұлы .

Биылғы жылы мемлекеттік тапсырыс аясында Алматы облысы бойынша 82 медициналық ұйым халыққа қызмет көрсетеді, оның 34 – і жеке меншік.

Естеріңізге сала кетейік, қор 2018 жылдан бастап ТМККК қаржы операторы болып табылады.

Халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімі

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Алматы облысы бойынша филиалы

Басқа жаңалықтар

Back to top button