Алматы облысының жаңалықтарыБілім және ғылымҚоғам

Биыл Алматы облысында «Парасаттылық мектебі» өз жұмысын бастайды

Жаңа оқу жылынан бастап өңірдегі барлық білім ошақтарында «Парасаттылық мектебі» жұмысын бастайды. Мекеме жас буынды сыбайлас жемқорлыққа қарсы дұрыс үгіттеп, адалдыққа үйретпек. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жоба жетекшілері мәлімдеді. Бастама «Жетісу адалдық алаңы» аясында жүзеге асады. Қазіргі таңда білім саласында «Парасаттылық лагері» жүріп жатыр. Ол бойынша Жетісулық 32 000 мыңнан аса жеткіншек демалыс орнымен қамтылған. Сондай-ақ облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жыл басынан бері 100-ден аса шара ұйымдастырған. Бірі «Жол бер, өмір сыйла» акциясы.

Күнделікті өмірде көлік құралдарының жүргізушілері жедел жәрдем автокөлігіне жол бермей, онымен қоса жолда қауіпті жағдай туғызып, қозғалысына кедергі келтіруде. Мұндай сенімсіз әрекеттердің нәтижесі қайғылы салдарларға әкелуі мүмкін. Жедел жәрдем автокөлігінде адам өмірі қыл үстінде болуы мүмкін деп ойлайтын адамдар аз.

Осы жағдайдың маңыздылығын ескере отырып, Департамент «Жетісу-адалдық алаңы» жобасы аясында «Жол бер-өмір сыйла» акциясын ұйымдастырды. Оның негізгі мақсаты — көлік жүргізушілері арасында парасаттылықты қағидаттарын арттыру болып табылады.

«Бүгінгі акция көлік жүргізушілеріне ғана емес, сондай-ақ барлық азаматтарға жақсы үлгі болатынын атап өту керек. Акция Полиция Департаменті мен Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Қысқа уақыттың ішінде екі көлік жүргізушісіне жедел жәрдем көлігіне жол бермегені үшін әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды»,-деді «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Аманжол Тоқтарұлы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button