Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғам

ОТБАСЫ – ӘРҚАШАН БИІК ҰҒЫМ

Өткен аптада 2126 әскери бөлімі, Кинологиялық орталығында әскери қызметшілері отбасылары арасында «Отбасы күні» мерекесін атап өтті.

Олар шағын ғана сайыс өткізіп «Менің отбасым», «Әкем, шешем, мен – шебер отбасы», «Бізбен көңілсіз болмайсыз», «Менің Отанымнан артық, жақын және керемет ел жоқ», «Даңқ минуты» сынды 5 түрлі номинацияда байқауға түсті. Ал, әділ қазылар алқасында Қараой ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы В. Темірбекова, Қараой ауылдық округі аналар кеңесінің төрайымы С. Таджиева болды. Сайысқа қатысқан әскери қызметшілер А.Болатовтар, А.Шабанбаевтар, С.Балғынбаевтар отбасы үздіктер атанды. Олардың барлығы бағалы сыйлықтармен, алғыс хаттармен марапатталды.

«Отбасы күні» мерекесі соңында балаларға тәтті сусындар үлестіріліп,  көңілді ән мен жыр айтылды.

2126 әскери бөлімінің бөлім командирінің тәрбие бойынша орынбасары подполковник М. Молдағалиев мереке күнімен  құттықтады.

Ол: «Әскери қызметшілердің отбасы үшін «Отбасы күні» ең сүйікті мерекелердің біріне айналды. – Жаңа мереке біздің бейбіт елде өмір сүріп жатқандығымызды тағы бір дәлелдеп берді. Қазақстан армиясында жас отбасыларына баса назар аударылатынын қуана айтуға болады. Әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайы жылдан жылға жақсара түсуде, бұл біздің еліміздің экономикасының өркендеп отырғандығының куәсі» ,- деді .

Бұл мерекеде жеңімпаз бен жеңілгендер болған жоқ, әр отбасына сыйлықтар табысталды, Отбасы күні ән — шашумен аяқталды.

 

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button