Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғамМерекелер

ЖАСЫЛ БЕРЕТ – ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Өткен аптада Боралдай кентіндегі 2177 әскери бөлімінде шекарашылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары С. Закиржанов пен аудандық мәслихат хатшысы Р.Абилова 2177-де әскери борышын атқарып жатқан шекара қызметіндегі офицерлер мен жауынгерлерді арнайы барып құттықтады. Аудан әкімі атынан сый-сияпатын да табыс етті.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары С.Закиржанов құттықтау барысында «Уақыт өткен сайын әскери қызметшілердің кәсіби біліктілігі де арта түсуде, әскери дайындық та жоғары деңгейге көтерілді. Әсіресе, ел ығында жүрген шекара қызметкерлерінің еңбегі ерекше. Сіздердің қалтқысыз атқарған Отан алдындағы борыштарыңыз ел тыныштығының басты кепілі. Қызметтеріңізге алғысымыз шексіз! Мереке құтты болсын!», — деді.

Салтанатты жиналыстың аяғы шекара қызметінің ән-би ансамблінің тамаша концертіне ұласты. Арнайы жасақтың қоян қолтық төбелестің әдіс тәсілдерімен көрініс арқылы таныстырды. Міне, Тәуелсіз еліміздің шекарасын, мемлекеттік шекарадағы аумақтық тұтастығымыз бен экономикалық мүддеміздің күзетінде жүрген сақшылар. Айрықша айқын қызмет иелері. Елбасы «Шекара әскерлері» туралы Жарлыққа осыдан тура 27 жыл бұрын қол қойған болатын. Осы уақыт ішінде шекара қызметі өз қалыптасуының күрделі кезеңдерінен өтіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қабілетті екенін көрсете білді. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

 

Б. ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button