Алматы облысының жаңалықтарыДенсаулықҚоғам

Алматы облысы бойынша медициналық ұйымдардың мониторингі.

Естеріңізге салсақ, Алматы облысында барлығы 82 медициналық ұйым мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қызмет көрсетеді. Бұл ауруханалар мен емханалар көрсетілген медициналық көмек көлеміне қарай Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорымен қаржыландырылады.

Іскерлік келісімшартының талаптарының бірі – ол тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізу . Оны тікелей Қор жүзеге асырады. Маңыздысы, науқастарды емдеу мен диагностикалау стандарттары мемлекеттік және жекеменшік болғанына қарамастан, бірдей тең көрсетілуінде.

2019 жылдың 6 айы бойынша медициналық мекемелердің барлығына дерлік мониторинг жүргізілді.Талдау қорытындысы негізінде медициналық көмек көрсету бойынша барлығы 36 132 сапа мен көлем ақаулары анықталса , оның ішінде тәулік бойы емнің 14277 және 1299 күндізгі стационарлық көмек көлемі бойынша ақауына тиесілі.Ал медициналық көмектің сапасы жағынан 18180 тәуліктік ем және 2376 күндізгі ем бойынша ақаулар жіберілді.

Жіберілген ақаулар бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры қаржыландыру көлемінен қаржыны шегеру жасайды.Қорыта келе, 2019 жылдың 6 айы бойынша тиімсіз жұмсалған бюджеттік қаражаттың жалпы сомасы 893 миллион теңгеден асады. Ақау бойынша шегерілген жалпы сома 180 миллион теңгені құрады. Сапаны жақсарту механизмдерін дамыту үшін мекемелерге ықпал ету шаралары қолданылады, ал өз міндетін жауапты орындайтын мекемелер ынталандырылатын болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры медициналық қызметтерді пациенттердің қызығушылықтарын негізге ала отырып, сатып алатындықтан, пациенттер өз құқықтарын біліп, құқықтары бұзылған жағдайда хабарлау қажеттігі маңызды.Тек пациенттермен тығыз байланыста болғанда ғана медициналық қызметтер сапасын жақсарту барысын жылдамдатуға болады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Алматы облысы бойынша филиалы,

медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізу бөлімі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button